+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жаратылыстану - математика бағыты пәндерінен Президенттік олимпиаданың қашықтық кезеңін өткізу туралы
23 Қаз, 12:45

Бүгін, республика бойынша 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың ІІ кезеңі өткізілуде.

Еліміздің барлық аймақтарының 300-ден астам оқушысы онлайн режімде тесттік тапсырмаларды орындауда.

Олимпиада басталар алдында республикалық ғылыми-практикалық  «Дарын» орталығы директорының міндетін атқарушы Шолпан Ақашқызы Қирабаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Балалар нұсқаулықпен танысып, олимпиада тапсырмаларын орындауды бастады.

Жыл сайынғы олимпиада екі кезеңде өтуде: қашықтық және шығармашылық (эссе). Олимпиада Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика салаcындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында өткізілуде.

Олимпиадаға аймақтық кезеңде жоғары бал жинаған облыс мектептерінің          20 оқушысы қатысты.

Балаларға табыс пен жеңіс тілейміз!