2012 жылдың 15-22 қаңтар аралығында Алматы қаласында дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында математика, физика және информатика пәндері бойынша VIII халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді.
Олимпиада О.А.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика - математика мектеп - интернатының базасында өткізілді. Олимпиадаға 18 елден 346 оқушы қатысты.
Олимпиаданың басты талаптарының бірі нақты бір мектеп атынан шыққан командалардың қатысуы болды. Шығыс Қазақстан облысының намысын Өскемен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған математика, физика, информатика мектебінің 11 сынып оқушылары қорғады:
- Айтқалиев Ғалымжан;
- Коровкин Анатолий;
- Колиниченко Евгений;
- Стрельник Алексей;
- Пушкарская Дарья;
- Федоров Виталий;
- Цораев Тимур.
Өскемен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған математика, физика, информатика мектебінің мұғалімі Е.Ю.Потанина командаға жетекші ретінде жіберілді.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Цораев Тимур қола медалді иеленді.