«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2019 жылдың 16 қазанында Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті базасында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» облыстық зияткерлік конкурсы өтті.
Конкурс жыл сайын қоғамдық белсенділікті, қазақстандық патриотизмді, азаматтылықты қалыптастыру, сонымен қатар, оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін, ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімін дамыту мақсатында өткізіледі.
Осы жылы конкурсқа туған өлкенің тарихын оқуға, рухани және мәдени құныдықтарын сақтауға қызығушылық танытатын 180-нен астам 9 сынып оқушылары қатысты.
Конкурс барысында қатысушылар «Менің кіші Отанымның тарихы», «Менің кіші Отанымның символы», «Менің кіші Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем» номинацияларында өздерінің білімдері мен қабілеттерін, сонымен қатар өздерінің білмекке құмарлығын көрсетті. Балалар қазылар алқасы назарына өздерінің елді мекендерінің тарихы туралы презентациялар мен бейне репортаждарын ұсынды, кіші Отанға сүйіспеншілік ретінде белгілі бір символдардың таңдалу себебін аргументті түрде негіздеді, сонымен қатар өздерінің шығармашылық жұмыстарын макет түрінде көрсетті.
Облыстың үздік жоғары оқу орындарының доценттері мен оқытушылары, педагогика және тарих ғылымдарының кандидаттары, сонымен қатар «Хабар» агенттігінің корреспонденті, «Нұр Отан» партия бөлімінің өкілі және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандары құрамындағы әділ қазылар алқасы республикалық жас тарихшылар конкурсының облыстық кезеңінің жеңіспаздарын анықтады.
Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша «Менің туған өлкем» номинациясында Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы – Сулейменова Жасмин жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломға ие болды.
Аталған номинация бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Жұртыбаева Шырын – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның оқушысы;
- Рымжанов Мирас – Аягөз ауданы, Ақши орта мектеп жанындағы интернаттың оқушысы;
- Есімханова Бекайым – Зайсан ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің оқушысы;
- Манапова Диана – Семей қаласы, №47 орта мектептің оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Майкенова Нұрайлым – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушысы;
- Советханова Камила – Жарма ауданы, Георгиевка орта мектебінің оқушысы;
- Оралханова Айша – Өскемен қаласы, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің оқушысы;
- Кабенова Диана – Бесқарағай ауданы, Үлкен Владимировка орта мектебінің оқушысы;
- Елубаева Нурай – Бородулиха ауданы, А. Бөкейханов атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы.
«Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясындаӨскемен қаласы, IT мектеп-лицейдің оқушысы Волостнов Владислав бірінші орынды иеленді.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Мухаметжанова Дана – Күршім ауданы, №3 гимназияның оқушысы;
- Женабылов Диас – Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының оқушысы;
- Маузия Мирас – Өскемен қаласы, «Білім-инновация» облыстық мамандандырылған лицейдің оқушысы;
- Нурмухаметова Дариға– Семей қаласы, №47 орта мектептің оқушысы;
- Кайсаева Аяулым – Бородулиха ауданы, А. Бөкейханов атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы.
IIIдәрежелі дипломмен марапаттағандар:
- Билялова Нурай – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушысы;
- Бегімбетов Серікбол – Жарма ауданы, Георгиевка орта мектебінің оқушысы;
- Жанатбекұлы Нұрбек – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның оқушысы;
- Задорожная Регина –Алтай ауданы, мектеп-лицейдің оқушысы;
- Думанова Аружан – Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейінің оқушысы;
- Жангелді Ақерке – Ұлан ауданы, Бозанбай орта мектебінің оқушысы;
- Умержанова Дильназ – Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің оқушысы.
Күршім ауданы, №2 орта мектептің оқушысы - Қақанқызы Жансая «Менің кіші Отанымның символы» номинациясында жеңімпаз атанды.
Аталған номинацияда ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Әбдешов Ерасыл – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы;
- Қонысұлы Досжан – Абай ауданы, Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы;
- Жукова Софья – Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы;
- Ашикбаева Ильдана – Риддер қаласы, №2 орта мектептің оқушысы;
- Қадырғазиев Нурсултан – Семей қаласы, №47 орта мектептің оқушысы.
IIIдәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Серимханова Азиза – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның оқушысы;
- Нурланов Арсен – Аягөз ауданы, К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы;
- Жұмақанова Алина – Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің оқушысы;
- Шаймарданов Мұхамед – Семей қаласы, «Білім-инновация» облыстық мамандандырылған лицейдің оқушысы.
«Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясындаІ дәрежелі дипломмен Алтай ауданы, мектеп-лицейдің оқушысы Сизова Дарья марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Қалиева Айдана – Курчатов қаласы, №1 орта мектептің оқушысы;
- Климова Мария – Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы;
- Мамырханова Айым – Зайсан ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің оқушысы;
- Лензатов Ерзат – Тарбағатай ауданы, №2 Ақсуат орта мектебінің оқушысы;
- Жанелов Қайрат – Семей қаласы, «Білім-инновация» облыстық мамандандырылған лицейдің оқушысы.
III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Даутханова Айжан – Өскемен қаласы, Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің оқушысы;
- Токенова Дария – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның оқушысы;
- Аркенова Асель – Семей қаласы, №47 орта мектептің оқушысы;
- Такабаев Дамир – Глубокое ауданы, Веселовка орта мектебінің оқушысы;
- Поддубный Максим – Шемонайха ауданы, Д.М.Карбышев атындағы Первомайка кешені негізгі орта мектеп-балабақшасының оқушысы.
Бірінші орынның иегерлері мен жеңімпаздар ШҚО командасының құрамына еніп, 2019 жылдың 1-3 қарашасы аралығында Алматы қаласында өтетін конкурстың республикалық кезеңінде облысымыздың намысын қорғайтын болады.