+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Болашаққа жол өзіңнен басталады
16 Қаз, 18:38

Бүгін, еліміздің астанасы Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларын, оқу озаттарын, белсенділері мен көшбасшыларын жыл сайынғы семинар-тренингте қарсы алуда. Семинар-тренингтердің жаңа оқу маусымы «Болашаққа жол өзіңнен басталды» тақырыбында өткізілді.

Оқу бағдарламасы бес маңызды мемлекеттік құжатқа негізделген, олар: Елбасының 2018 жылғы жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты мақалалары, сонымен қатар « Тәуелсіздік дәуірі» кітабы.

Шара дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Кітапханасы базасында өткізілді.

Бірінші күні балалар еліміздің үздік жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері және ғылым кандидаттары жетекшілігімен семинар-тренингтің жаттығу бөлігіне қатысты. Оқушылардың жұмысы кіші топтарда ұйымдастырылды, олар қоғамдық жобалар құрап, командалық ойындар мен тренингтерге қатысты.

Сонымен қатар, шараның мәдени-танымдық бағдарламасы аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына саяхаттады.

Ал ертең, қатысушыларды қызықты күн күтуде. Балалар дәрістерге қатысып, қызықты адамдармен кездеседі және кешкі қала алауларының көркімен тамсана алады.