+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
VII Халықаралық мектепішілік спорт фестивалінің қорытындысы
11 Қаз, 21:15

2019 жылдың 4-10 қазан аралығында Ресей Федерациясының Қазан қаласында (Татарстан Республикасы) ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы Халықаралық мектепішілік спорт фестивалі өткізілді.
Қазан қаласында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғыстан, Молдава Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Тәжікстаннан, Түркменстаннан, Украина, Өзбекстан Республикасынан және Қазақстан республикасынан 450-ден астам жас спортшылар жиналды.
Халықаралық мектеп спорт фестивалінің басты міндеті - әртүрлі елдердің мектеп оқушылары арасында байланыс орнату, баға жетпес тәжірибе жинау. Биыл фестиваль бағдарламасына келесі спорт түрлері кірді: шағын-футбол, баскетбол, волейбол, баскетбол 3х3, үстел теннисі, бадминтон, шахмат және шағын су полосы.
Алты күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша ең мықты спортшылар анықталды. Шығыс Қазақстан облысының командасы II дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Фестиваль аясында мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды: шеберлік сабақтары, фильмдер көрсетілімдері, Қазан қаласының мұражайлары мен көрікті жерлеріне экскурсия, жас спортшылар үшін әлемдегі әйгілі волейбол клубтарының бірі «Зенит», сондай-ақ «Динамо» әйелдер волейбол командасы жаттығатын «Санкт-Петербург» волейбол орталығы ұмытылмас әсер қалдырды.

Жас волейболшыларымызды және олардың ата-аналарын, жаттықтырушы Даумов Болатбек Айшабековичті лайықты жеңіспен құттықтаймыз!