«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 01-02 қазанда Өскемен қаласында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының қашықтықтан облыстық көрмесін өткізді.
Аталған көрменің мақсаты: балалардың сәндік - қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан - жақты ықпал ету, қатысушыларға жарыс түрінде өз шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көсретуге мүмкіндік беру; көркемдік және сәндік - қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу.
Көрмеге Өскемен қаласы мектептерінің 300-ден астам оқушысы, сондай-ақ көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылық саласында тәжірибе алмасу мақсатында шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтар қатысты.
Көрмеге облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 113 шығармашылық жұмыстар ұсынылды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар 6 номинация бойынша анықталды (қосымша).
Байқаудың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз.