«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылғы 01-02 қазанда Өскемен қаласында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме – байқауын өткізді.
Аталған байқаудың мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
Көрменің ерекшелігі сәндік-қолданбалы өнердің барлық бағыттарын қамтиды. Жұмыстар ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу, көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация; шыныны көркемдеп өңдеу: витраж; металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау; ұлттық ою - өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау; қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше номинацияларының әр түрлі жанрлары мен техникалары бойынша, сондай-ақ ұлттық-мәдени дәстүрлерді сақтай отырып ұсынылды.
Байқауға қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары қатысып, 11-17 жас аралығындағы балалардың 273 шығармашылық жұмыстары таныстырылды.
Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын келесі критерийлер бойынша бағалады: халық дәстүрлерін сақтау және пайдалану; жұмыстың орындалу сапасы мен көркемдік деңгейі; бірегейлігі; бұйымның стильдік, көркемдік және образды шешу тұтастығы.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар 7 номинация бойынша анықталды (қосымша).
Қатысушыларға сертификаттар табысталады. Қатысушылардың үздік жұмыстары байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жіберіледі.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз.