Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылдың 02 қазан күні Өскемен қаласында «Оқушылар шығармашылық сарайы» алаңында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың облыстық байқауын өткізді.
Аталған байқаудың мақсаты:ғылым мен техниканың түрлі саласындағы зерттеу, өнертапқыштық қызметіне оқушыларды тарту, талантты балаларды қолдау, тұлғаның бәсекеге қабілетті басымдылығын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Байқауға қалалық және аудандық кезеңдердің жүлдегерлері қатысты. Облыстық кезеңде 11-17 жас аралығындағы оқушылардың 51 шығармашылық жұмысы таныстырылды.
Құрамына жоғарғы жетекші оқу орындарының ғалымдары енген құзіретті қазылар алқасы оқушылардың жұмыстарының маңыздылығын, жүргізілген зерттеудің көлемін, зерттеу әдістерінің қолдану нәтижелерін, зерттеудің жаңалығын, зерттеу нәтижелерінің маңызын, шебер сөйлеуін бағалады.
Байқау қорытындысының 9 номинациясы бойынша 29 жүлделі орын анықталды: 1 орын – 9, 2 орын – 9, 3 орын – 11 (қосымша). Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жүлдегерлерге дипломдар табысталды.
Толығымен қазылар алқасы оқушылардың жобаларының маңыздылығын, олардың жаңалыққа нақты бағытталғанын және зерттеу тәжірибелерінің маңыздылығын атап өтті.
Қатысушылардың үздік жұмыстары «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық кезеңіне қатысу үшін жіберіледі.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!


