2019 жылдың 28 қыркүйегінде дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 7-9 сынып оқушыларына арналған республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған Өскемен қаласындағы физика, математика және информатика саласында мамандандырылған мектеп-лицейінде» өтті.
Шараның мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадақтау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау оларға рухани-адамгершілік білім беру.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудан/қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден 27 команда қатысты. Әлеуметтік жобаларды қорғау үшін балалар үлкен жауапкершілікке ие болды және қазылар алқасына мейірімділік, жауаптылық, құндылықтар, патриотизм, сүйіспеншілік және т.б. ұстанымдарын көрсетті
Нәтижесінде қазылар алқасы үздік командаларды іріктеді.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Алтай ауданының командасы;
- Шемонаиха ауданының командасы;
- Аягөз ауданының командасы.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Бесқарағай ауданының командасы;
- Семей қаласының командасы;
- Бородулиха ауданының командасы;
- Риддер қаласының командасы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Абай ауданының командасы;
- Жарма ауданының командасы;
- Күршім ауданының командасы.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге дипломдар, грамоталар және естелік сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиадаға қатысушыларға, олардың ұстаздары мен ата-аналарына табыстар тілейміз.








