Жастардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында 2019 жылдың 25 қыркүйегінде 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.
Олимпиада С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті базасында өткізілді.
Президенттік олимпиадаға аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің 100 астам жеңімпаз оқушылары қатысты.
Облыстық кезеңде оқушылар өз білімдерін математика, физика, биология және химия пәндерінен көрсетті.
Қатысушылардың жұмыстары облыстың үздік жоғары оқу орындарының ғалымдары, профессорлары және оқытушылары құрамына енген қазылар алқасымен бағаланды.
Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша жоғары бал жинаған 20 қатысушы 2019 жылдың 23 қыркүйегінде өтетін іріктеу кезеңіне қатысады. Бір уақытта барлық аймақтарда on-line режімінде балалар 2 айналымнан (қашықтық-тесттілеу, және шығармашылық – эссе жазу) өтеді.
Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі Теміртау қаласында, 2019 жылдың қараша айында өткізіледі.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысы
01 Қаз, 16:44


