+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясы («Туған жердің кереметі» жобасы) және «Өз жеріңді танып біл» жобасы аясында табиғи рельефте туристік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысының чемпионатын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
23 Қыр, 10:13

 

 

 

«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясы («Туған жердің кереметі» жобасы)

 және «Өз жеріңді танып біл» жобасы аясында табиғи рельефте туристік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысының чемпионатын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Мақсаты мен міндеттері
  2. Туристік көпсайысты дамыту және таныту;
  3. Спортшылардың тактикалық және техникалық дағдыларын арттыру;
  4. Ең күшті командалар мен спортшыларды анықтау;
  5. Жастарды спортпен айналысуға тарту;
  6. Салауатты өмір салтын насихаттау.

 

  1. Өткізу мерзімі мен орны

Туристік көпсайысты өткізу мерзімі мен орны қосымша хабарланады.

 

3. Жарысты өткізу басшылығы

         1. Бірінші кезеңді (мектепішілік) және екінші кезеңді (аудандық, қалалық) өткізу басшылығы мен жауапкершілігі  қалалар мен аудандардың білім бөлімдеріне жүктеледі. 

         2. Үшінші кезеңді (облыстық) өткізу Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен  бекітілген төрешілік алқасына жүктеледі.

         3. Туристік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысының чемпионатына қатысу өтінімдері жарыстың басталуына  10  күн қалғанда қалалар мен аудандардың білім бөлімдерімен беріледі. Көрсетілген мерзімде өтінімдер берілмеген жағдайда команда жарысқа қатыспайды.

    4. Білім бөлімдерімен командаларды іссапарға жіберу бұйрықтары, атаулы өтінімдер, сақтандыру полисі, жарысқа әрбір қатысушы жеке басын куәландыратын құжаты (паспорт, жеке куәлігі, туу туралы куәлігі) болуы және  әрбір дистанция стартының алдында дистанция хатшысына сонымен қатар мандаттық комиссияға ұсынуы қажет. Егерде қатысушы немесе құжаттар өтінімге сәйкес келмесе, команда стартқа жіберілмейді. Команда бірыңғай спорттық киімде болуы тиіс.

        5.Туристік көпсайыстан Шығыс Қазақстан облысының чемпионатына дайындық және өткізу басшылығыШығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» КМҚК  жүргізіледі.

 

4. Өткізу шарты

 Жарыс «2010 жылғы ТК бойынша жарыстарының ережелеріне» жарыс шарттары және КМС бекіткен айыппұл кестесіне сәйкес өткізіледі.   Техникалық әдістерді орындау және жабдықтарды қолдануға рұқсат беру «ТК бойынша дистанцияда техникалық әдістерді орындау» талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

5. Қатысушылардың саны мен спорттықклассификация

  1. Ересектер санаты – 18 жас және жоғары;
  2. Юниорлар санаты – 15- 17 жас;
  3. Оқушылар санаты – 12-14;
  4. Бастаушылар санаты – тәжірибелері жоқ командалар (12-15 жас).

 

6. Дистанция саны мен санаттары

  1. Ересектер санаты  (18 жас және жоғары):
    • «Кросс жорық»дистанциясы;
    • «Жеке командалық» дистанциясы;
    • «Техникалықтрасса»  дистанциясы.
  2. Юниорлар санаты (15-17 жас):
    • «Кросс жорық»  дистанциясы;
    • «Жеке командалық» дистанциясы ;
    • «Техникалықтрасса»  дистанциясы.
  3. Оқушылар санаты (12-14 жас):
    • «Туристік эстафета» дистанциясы:
    • «Түйіндер» дистанциясы;
    • «Құтқару жұмыстары» дистанциясы.
  4. Бастаушылар санаты – тәжірибелері жоқ командалар (12-15 жас);
    •  «Туристік эстафета» дистанциясы:
    • «Ілінген өткел» дистанциясы (командалық сақтандыру ұйымдастырылған қазылар алқасының ілінген өткелі);
    • «Түйіндер» дистанциясы.

 

        Жарысқа қатысушылар және оларға қойылатын талаптар:

Медициналық мекемелердің рұқсаттамасы бар өтінімде көрсетілген қатысушылар жарысқа қатыса алады. Жарысқа қалалар мен аудандардың құрама командалары қатысады. Делегация құрамы: 4 адам (3 ұл + 1 қыз), команданың 1 жаттықтырушы-өкілі.

Ескерту: Жіберуші ұйымнан командалардың санына қарамастан бір өкілден артық болмауы қажет.

 

7. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жабдыққа қойылатын талаптар

Жарысты өткізу және төрешілік жабдықтар қауіпсіздігі үшін жауаптылық өткізуші мекемеге және бас төрешілік алқаға жүктеледі. 

Жеке және топтық жабдықтарды қолдану қауіпсіздігі үшін жауапкершілік команда өкілдеріне және қатысушыларға жүктеледі.

Жарыс дистанцияларында көрсетілетін талаптарына қатысушылардың сәйкестігі үшін жауапкершілік команда өкілдеріне жүктеледі.  

 

 

 

8. Қатысушыларды туристік жабдықтармен қамтамасыздандыру

Жекелей:бұғаттау болатын сақтандыру жүйесі (жоғарғы және төменгі), астарсыз былғары қолғаптар, тежеуіш құрылғысы, жұмар, нумерацияланған  каска (1,2,3,4)

Командалық:негізгі арқан  2Х40м., 2Х50м., 2Х60м., карабиндер 20 – 30 дана, түсу құрылғысы, қарапайым репсым, тасу құрылғылары мен блоктар үшін фал немесе репсым, 4 жолдорба, 4 тұсбағдар, шарттарға сәйкес жинақталған медициналық дәрі қобдишасы болуы қажет. Басқа жабдықтар команданың қарауымен қолданылады.

9. Қорытындыларды анықтау

         Қашықтықтағы командалардың (қатысушылардың) қорытындылары қашықтықтан өту уақытын және айыппұл уақытын ескере отырып анықталады. Жалпы командалық есептің нәтижесі команданың жеке қашықтықта алған орындарының ең аз саны бойынша анықталады. Нәтижелердің теңдігі жағдайында «Ілінген өткел» (оқушылар) немесе «Кросс жорық» (юниорлар мен ересектер) дистанцияларында  жоғары орын алған команда басымдыққа ие болады.

 

10. Марапаттау

Командалар - жалпы есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, медальдар, кубоктармен марапатталады. Командалар, қатысушылар - белгілі бір қашықтықтағы жеңімпаздар грамоталармен марапатталады.

         Жеке жүлделерге қатысушылардың әрқайсысы жас топтарына қарай грамоталармен, медальдармен марапатталады.

 

11. Қаржыландыру

Іс-шараның қаржыландырылуы ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» бекітілген сметасына сәйкес жүзеге асырылады.

Чемпионат қатысушыларының және жетекші-өкілдерінің іс-сапар шығындары (барып-қайтуы), сонымен қатар командалар жетекшілерінің тамақтануы жіберуші тараптарға жүктеледі.

 

12. Командалардың келуі

Жиналу орны: Б. Александров атындағы Спорт сарайы (14 қазан а.ж. 14.00-ден 15.00-ге дейін).

Өткізілетін орны: Таулы Үлбі кенті, ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» базасы.

Қайтуы: «Дарын» базасынан 17 қазан күні (10.00-ден кейін) жиналу орнына дейін.

13. Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімі

Өтінімдер мен карта-визиткалар  ШҚО ББ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК vk_daryn@mail.ruэлектрон поштасына 27 қазанға дейін қабылданады, содан кейін жарыс шарттары жіберіледі.

Байланыс телефондары (87232) 751553, 87764545556

ОСЫ ЕРЕЖЕ РЕСМИ ТҮРДЕ ЖАРЫСҚА   ШАҚЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ