2019 жылдың 19-20 қыркүйек аралығында Ақмола облысында орналасқан «Звездный» лагерінде Шығыс Қазақстан облысы командасы «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың Республикалық слетіне қатысты. Слетқа Республиканың барлық аймақтарынан жиналған 160 оқушы қатысты.
Слет аясында балалар 3 блок бойынша сайыстар мен жарыстарға қатысты: өлкетану, экологиялық,туристік. «Экологиялық есеп беру» экологиялық экспедицияның қорытындыларымен таныстырды, «Туған өлке соқпақтары» іздеу-зерттеу жұмысы жобасының презентациясын қорғады, сонымен қатар келесі номинациялар бойынша дистанцияларды өтті: практикаға бағдарланған кезең, экологиялық соқпақ және «Біріктірілген туризм».
Слет қорытындылары бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасынан Малахова Дарья Сергеевна, Бородулиха ауданы Камышенка орта мектебінің оқушысы, «Жас өлкетанушы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
«Көрермендер көзайымы» және Ақмола облысы әкімінің бағалы сыйлығын Ибраева Малика Алибекқызы алды, Бородулиха ауданы Камышенка орта мектебінің оқушысы.
Біздің балаларды жеңістерімен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!


