Өзін-өзі тану пәнінен республикалық олимпиаданыңоблыстық кезеңінің
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2019 жылғы 28 қыркүйекте 7, 8, 9сынып оқушылары үшін өзін-өзі танудан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.
Негізгі мақсаты– рухани білім беру арқылы балалар мен жасөспірімдердің құндылық бағдарларын қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, өзін-өзі тану пәніне қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданың негізгі міндеттері:
- оқушылардың өзін-өзі тануға қызығушылығын дамыту, оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту;
- балалардың шығармашылық әлеуетін жандандыру, шығармашылық бастамашылдығын дамыту;
- оқушылардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін, қоғамға қызмет етуге бағытталған жасампаздық белсенділігін дамыту.
Олимпиаданың облыстық кезеңі «Қызмет ету қуанышы» тақырыбында әлеуметтік жобаларды қорғау бойынша конкурс форматында өтеді.
Олимпиада өткізудің жұмыс жасау тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
Олимпиада Өскемен қаласы, Новаторлар к., 9А мекенжайында орналасқан облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің базасында өтеді.
Қатысушыларды тіркеу таңертеңгі сағат 8:30-да.
Олимпиаданың басталуы сағат 9:00-де.
Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды жариялауға қызығушылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдарын аталған шараға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпараттар алу үшін 8(7232)70-02-44 телефоны бойынша хабарласуға болады.