І. Жалпы ережелер
«Өзін-өзі тану» пәнібойыншареспубликалық олимпиадасыныңоблыстық кезеңі
(әрі қарай – «Олимпиада») құндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадақтау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында өткізіледі.
Олимпиаданы өткізу барысында төмендегі міндеттер шешіледі:
1) оқушылардың өзін-өзі тануға қызығушылығын дамыту, оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту;
2) балалардың шығармашылық әлеуетін жандандыру, шығармашылық бастамашылдығын дамыту;
3) оқушылардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін, қоғамға қызмет етуге бағытталған жасампаздық белсенділігін дамыту.
Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.
ІІ. Олимпиаданы ұйымдастырушылар
Олимпиаданың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒАО) болып табылады.
ІІІ. Олимпиадаға қатысушылар
Олимпиадаға «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда жетістіктерге қол жеткізген, қызықты шығармашылық жұмыстар мен жобаларды әзірлеген 7-8-9 сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиадаға құрамы 3 адамнан және 1 топ жетекшісінен (барлығы 4 адам) тұратын құрама командалары шақырылады.
IV. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Олимпиаданы дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін ШҚ ДпҚББДҒАО«Дарын» орталығында Ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті Олимпиаданы дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады, қазылар алқасының құрамын, Олимпиаданы өткізу бағдарламасын бекітеді.
Олимпиаданың қорытындыларын шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
Олимпиаданың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалайды, ең мазмұнды және қызықты жобаларды анықтайды.
V. Орындалатын тапсырманың мазмұнына қойылатын талаптар
Олимпиаданың облыстық кезеңі «Қызмет ету қуанышы» тақырыбында әлеуметтік жобаларды қорғау бойынша конкурс форматында өткізіледі.
Нақты тапсырмалар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде беріледі.
Команданың мүшелері жобаның мақсатын, міндеттерін, ашылатын құндылықты сондай-ақ әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін тұлғаға қажет маңызды қасиеттерді өзбетінше анықтау тиіс.
Жобаның құрылымы еркін түрде.
Таныстырылымның уақыты 7 минуттан аспауы тиіс.
Қазылар алқасының мүшелері таныстырылымнан кейін анықтау сұрақтарын қоюға құқылы.
VI. Олимпиадаға қатысушылардың әлеуметтік жобасын бағалау критерилері
Конкурстық жұмыстарды бағалау мынадай критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады:
- жобаның рухани-адамгершілік тереңдігін ашу;
- қатысушылардың шығармашылық дербестігі;
- белсенді өмірлік ұстанымын көрсетуі;
- өз ойымен сезімдерін еркін жеткізе алу іскерлігі;
- командада жұмыс жасау іскерлігі.
VII. Олимпиадаға қатысушы- командаларға қойылатын талаптар
Әрбір қатысушыда өзімен бірге келесі заттар болуы керек:
1) туу туралы куәліктің көшірмесі, жеке куәлік;
2) мектеп құрал-жабдықтары;
3) командалық делегация костюмның айыру элементін (киім формасы, галстук, кепкалар, эмблемалар т.б.) дайындауы қажет.
Топтардың жетекшілеріне Олимпиада өткізілетін жерге дейін жол бойы, оның өткізілу барысында және қайтар жолда, тұрғылықты орнына дейін балалар үшін толық жауапкершілік жүктеледі.
VIІI. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
ІХ. Қаржыландыру
Олимпиаданы ШҚ ДпҚББДҒАО«Дарын» орталығы ұйымдастырып, бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.
Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.