2019 жылғы 21-24 тамыз аралығында Павлодар қаласында Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи сяаябағының аймағында Жастар жылына арналған Қазақстан және ТМД туристері достығының «Ертіс меридианы-2019» атты слеті өтті. Шығыс Қазақстан облысынан Семей қаласының «Орион» туристік клубы қатысты.
Слетке Қазақстан Республикасының облыстары мен ТМД елдерінен 13 команда қатысты. Біздің команда «Туристік ән» сайысында 1 орын, «Туристік эстафета» номинациясында 2 орын иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Спорттық туризмді дамытуға және танымал етуге сәттілік тілейміз.



