«Рухани жаңғыру»бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 25-28 маусымы аралығында Риддер қаласының «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ базасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өткізілді.
Іс-шара өскелең ұрпақтың азаматтық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық отрядтардың туристік қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Балалар-жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, туристік дағдылар мен іскерлікті, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, Шығыс Қазақстанның тарихы, географиясы, табиғаты мен мәдениеті бойынша оқушылардың білімін зерттеу және кеңейту.
Облыстық кезеңге мектеп және аудандық кезеңдерден өткен 210 оқушы қатысты.
25-28 шілде аралығында қатысушылар үшін спорттық бағдарлау, топография бойынша сабақтар, алғашқы медициналық көмек көрсету және құтқару жұмыстары бойынша нұсқаулық ұйымдастырылды.
Балалар оқу – тәжірибелік сабағын өткізу кезінде Сержен жотасы бойынша жаяу жүру техникасын үйренді.
Сонымен қатар балалар Батыс Алтай қорығына барды.
Командалар келесі конкурстарға қатысты: «Команданың визиттік карточкасы», «Туған өлке соқпақтары», «Экологиялық есеп»-экологиялық экспедицияның тұсаукесері, әжірибелік - бағытталған кезең, экологиялық із, «Біріктірілген туризм»кросс-жорығы.
Облыстық слет шеңберінде өткізілген барлық конкурстардың нәтижелері бойынша туристік жасақтар келесі нәтижелер көрсетті:
«Команданың визиттік карточкасы» байқауы бойынша:
І дәрежелі дипломдармен: Шемонаиха ауданы;
ІІ дәрежелі: Катонқарағай ауданы, Глубокое ауданы;
ІІІ дәрежелі: Бородулиха ауданы, Алтай ауданы, Курчатов қаласы.
I Өлкетану блогы "Туған өлке соқпақтары" номинациясы бойынша іздеу-зерттеу жұмыстары жобаларының тұсаукесерін қорғау:
І дәрежелі дипломдармен: Малғаждарова Назгүл (Катонқарағай ауданы);
ІІ дәрежелі дипломмен: Нұрғазина Аяужан (Зайсан ауданы);
ІІІ дәрежелі дипломдармен: Чурикова Ирина (Шемонаиха ауданы).
Практикалық-бағытталған кезең бойынша:
І дәрежелі дипломдармен: Катонқарағай ауданы;
ІІ дәрежелі дипломдармен: Алтай ауданы;
ІІІ дәрежелі дипломдармен: Зайсан ауданы.
ІІ Экологиялық блок Экологиялық экспедицияның тұсаукесерін қорғау "Экологиялық есеп»бойынша:
І дәрежелі дипломдармен: Алтыбаев Серык (Катонқарағай ауданы);
ІІ дәрежелі дипломмен: Арнт Виктория (Бородулиха ауданы);
ІІІ дәрежелі дипломдармен: Козловская Вероника (Риддер қ .)
Экологиялық соқпақ сайысы бойынша:
І дәрежелі дипломдармен: Бородулиха ауданы марапатталды;
ІІ дәрежелі дипломдармен: Курчатов қаласы;
ІІІ дәрежелі дипломдармен: Жарма ауданы.
ІІІ туристік блок кросс-жорық«Біріктірілген туризм»бойынша:
I дәрежелі дипломдармен:Бородулиха ауданы марапатталды;
ІІ дәрежелі дипломдармен:Катонқарағай ауданы;
ІІІ дәрежелі дипломдармен: Жарма ауданы.
Өткізілген конкурстардың қорытындысын шығара отырып, командалық есепте:
І дәрежелі дипломмен: Бородулиха ауданы;
ІІ дәрежелі дипломмен: Катонқарағай ауданы;
ІІІ дәрежелі дипломмен: Алтай ауданының командалары марапатталды.
Салтанатты жабылуында жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бородулиха ауданының командасы 2019 жылы қыркүйек айында Ақмола облысында "Менің Отаным-Қазақстан" туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады.
Бұл іс-шара балаларға ұмытылмас естеліктер мен жарқын эмоциялар сыйлады деп үміттенеміз! Барлық балаларға шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!