2012 жылы 26-28 желтоқсан аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және облыс әкімінің Жаңа жылдық шыршалары өткізілді.
Жаңа жылдық шыршаға қатысушылар облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатында және облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатында орналастырылып, тамақтандырылды.
Жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға көңілді мәдени-танымдық шаралар және қала бойынша саяхаттар ұйымдастырылды, олар кинотеатрларға, мұражайларға, облыстық Жамбыл атындағы драмтеатрға, Комсомольск аралындағы Мұз қалашығына және мерекелік от шашуға барды.
Әр делегацияларға Өскемен қаласының колледждерінен, облыстық білім мекемелерінен, жалпы білім беретін мектептерінен шефтар бекітіліп берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің атынан өткізілетін Жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға Өскемен қаласына келу кезінде қарым-қатынастарын нығайту, достық байланыстарын қалыптастыру, бейімдеу мақсатында психологиялық көмек көрсету ұйымдастырылды.
Жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға сыйлықтар (пуховик-куртка, шапка, шарф, қолғап, спорттық костюм, кроссовка, оқу-құрал жабдықтарымен рюкзак, жаңа жылдық кулектер) берілді. Балалар үйлері мен интернаттық мекемелерге облыс әкімі Б.Сапарбаевтың атынан сыйлықтар - тұрмыстық техникалар берілді.
Жаңа жылдық шырша «Тәуелсіздік – алтын бесігім» атты тақырыптағы сценарий бойынша өткізілді. Карнавалдан кейін фотосуретке түсу, сонымен қатар қатысушылар үшін «Тәтті дастарханды» ұйымдастырылды.