1. Жалпы ережелер
1. «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедиция отрядының облыстық слетін өткізуережесі (бұдан ары – Слет) мақсаттарды, міндеттерді, өткізу тәртібі мен қаржыландыруды анықтайды.
2. Слеттің мақсаты: балалар мен жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, экспедиция отрядтардың туристік қызметін күшейту.
3. Слеттің мінддеттері:
1) мейірімді, ашық жарқын және мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу;
2) балаларды туған жерінің тарихи, мәдени және рухани мұраларына, шағын Отанын зерттеуге баулу;
3) зерттеуге және тәжірибеге қызығушылық танытқан оқушыларды анықтауға қолдау көрсету;
4) облыстың үздік балалар экспедициялық отрядтарын анықтау;
5) туристік және экспедициялық жұмыстың инновациялық формалары мен әдістерін танымал ету;
6) мектеп оқушыларының туристік ассоциациялармен жинақталған үздік тәжірибелерді жинау және тарату;
7) туристік қызметке қатысу арқылы қосымша білім алуға қабылданған балалардың санын көбейтуге жәрдемдесу.
8) ұйымдастыру, кездесуді өткізу бойынша жалпы басшылықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жүзеге асырады.
9) слетті өткізу тікелей Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы бекіткен төрешілер алқасына жүктеледі.
2. Слетті өткізу мерзімі мен орны
1. Слетті өткізу мерзімі мен орны қосымша хабарланады.
2. Қатысу туралы өтінімдер (қосымшаға сәйкес) білім беру бөлімдері басшыларының қолымен слет басталуына 10 күн қалғанда келесі мекенжай бойынша қабылданады: Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» КМҚК, электрондық пошта turismvko@mail.ru, тел. 8 (7232) 75-15-53.
3. Өтініммен бірге:
1) Қалалық және аудандық слет кезеңіндегі жеңімпаздарды және Облыстық слетке қатысушы топтың жетекшісін жіберу туралы білім бөлімінің басшысы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы ақпарат (аты-жөні, тегі, туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім мекемесінің мекен-жайы, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефоны, номинациясы, жұмыс орны, топ жетекшісінің аты-жөні, тегі, жұмыс орны, лауазымы, байланыс телефоны);
3) Қатысушылардың және топ жетекшісінің куәландыру құжаттарының көшірмесі.
3. Слетқа қатысушылар
1.Слетке облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларынан құралған «Менің отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық командаларының қалалық және аудандық кезеңдегі жеңімпаздары қатысады.
2. Әр ауданнан, қалалардан келген команда саны – 9 адамды құрайды: 8 оқушы және білім беру ұйымдарының оқытушыларынан 1 топ жетекшісі. Қатысушылар слетке қатысу кезінде балалардың жас мөлшері 14-16.
3. Слет өтетін орны бойынша балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, іс-шара кезінде және тұрғылықты жерге оралу жауапкершілігі қалалар мен аудандар білім бөлімдерімен анықталған топ жетекшісіне жүктеледі.Әрбір қатысушы слеттің өткізілу орны бойынша, іс-шара және тұрғылықты жерге оралу кезінде өз заттарының сақталуына жауапты.
4.Топ жетекшісі келесі құжаттарды өзімен бірге алу қажет:
1) Қалалық және аудандық слет кезеңінің қорытындысы бойынша Облыстық слетке қатысушыларды және топтың жетекшісін жіберу туралы білім бөлімінің басшысы бұйрығының көшірмесі;
2) қатысушылар туралы ақпарат (аты-жөні, тегі, туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім мекемесінің мекен-жайы, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефоны, номинациясы, жұмыс орны, топ жетекшісінің аты-жөні, тегі, жұмыс орны, лауазымы, байланыс телефоны);
3) қатысушылардың және топ жетекшісінің куәландыру құжаттарының көшірмесі;
4) дәрігердің қолы және мөрімен куәландырылған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) оқу орнынан оқу орнының басшысының қолы және мөрі мен куәландырылған қатысушының фотосуреті бар анықтама;
6) топтың сақтандыру полисі;
7) топ жетекшілерінің іссапар куәлігі;
8) қатысушылар ата-аналарының сенімхаттары.
14. Аудандардың, қалалардың әрбiр делегациясы парадтық киім, айрықша элементтерге ие болуы керек (галстуктер, қалпақтар, бейсболкалар, эмблема), далалық және спорттық киім, қосалқы киім, аяқ киім.
4. Слет өткізудің шарттары мен тәртібі
1. Балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру үшін бұқаралық слет шаралары екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу) - аймақтық:
мектепішілік Слет;
аудандық (қалалық) Слет;
2) екінші кезең (қорытынды) – Облыстық Слет.
1. Слеттің бірінші (іріктеу) кезеңінің мерзімі аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары бекіткен іс-шараны өткізу туралы ережемен анықталады және екінші кезеңнің мерзімі қосымша хабарланады.
17. Слет келесі блокта және номинацияларда өткізіледі.
1) Конкурс «Команданың визиткалық карточкасы».Орындау уақыты – 5 мин. Бағалау критерийлері: мазмұны, тақырыбын ашу тереңдігі, орындау сапасы, үйлесімділік, ойнап шығуы, шығуды әрлеу (музыкалық сүйемелдеу, костюмдер, реквизитттер). Музыкалық және дикторлық сүйемелдеу кезінде техникалық жабдықтарды пайдаланған жағдайда топ өздігінен қамтамасыз етеді.
I. Өлкетану блогі.
1) «Туған өлке соқпақтары» номинациясы бойынша іздестіру мен зерттеу жұмыстары жобасының презентациясын қорғау(1 қатысушы) - аймақта жүргізілген туристік экспедицияның презентациясы. Презентацияда бағыттардың картасы, нысандар, бағыттардың рөлі мен маңыздылығын көрсетеді. Аталған экспедицияға қатысушыға фотосуреттер, анықтамалар және тағы басқа құжаттар арқылы растау міндетті болып табылады.
2)Тәжірибелік-бағдарлау кезеңі (2 қатысушы). Қатысушылар тапсырмаларды слет өтетін жерде орындайды.
II. Экологиялық блок.
«Экологиялық есеп» (1 қатысушы) - облыста жүргізілетін экологиялық экспедицияның презентациясы экологической экспедиции (5 күннен кем емес). Қорғау уақыты – материалдарды (макеттер, моделдер, бейне жазбалар және т.б.) көрсетуді қолдану арқылы 7 минуттан көп емес. Қатысушы таңдалған тақырыптың өзектілігі мен мазмұнының қысқаша сипаттамасын, осы зерттеуге қосқан практикалық үлесін айтып береді.
2) Экологиялық із - қатысушылар (2 адам) ұсынылған маршрутының ізінен кейін экологиялық карта жасайды және оны шартты белгілерді белгілей отырып плакатқа орналастырады. Карта A5 форматындағы плакатында жасалады (плакат жарыстың басталуына дейін слет ұйымдастырушыларымен беріледі). Қатысушылар аумақты бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді: флора мен фауна, экологиялық бұзушылықтар, дәрілік өсімдіктерді іздеу («Жасыл дәріхана»).
III. Туристік блок.
«Біріктірілген туризм». Қатысушылар далада бір түнде тоқтап жүреді.Команда құрамы – 4 қатысушы: 3 ұл бала + 1 қыз бала + 1 топ жетекшісі міндетті (қатысады немесе сүйемелдейді). Кросс-жүру туристік жабдықтар мен тактиканың, бағдарлау, топография, алғашқы көмек, өрмелеу және құтқару жұмыстарының элементтері қамтылған туристік серуендеу ретінде өткізіледі. Бағыт бойынша команда өз бетімен тактиканы таңдап, қашықтықты қауіпсіз жолмен өту арқылы әртүрлі кедергілерді жеңеді. Кросс-жүру баллдарды алу жүйесі арқылы өткізіледі. Егер қатысушылар кез-келген кезеңге дайын болмаса, тиісті балл санын алмай, өткізіп жіберуіне болады. Әрбір кезеңді өту үшін бақылау уақыты белгіленеді. Команда кезеңді жедел өтіп қойса, ол үшін артықшылықтар алмайды.
18. Нұсқаулық жағы команданы қажетті топтық және жеке жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Әрбір командаға қажетті жабдықтар:
- алғашқы көмек жинағы - 1 дана;
- рюкзактар - 4 дана;
- нөмірленген каскалар - 4 дана;
- компастар - 2 дана;
- брезенттік қолғаптар – командаға;
- алау жарағыжабдықтары
19. Қатысушылар командалардың қалауы бойынша олармен бірге алып келуге және қосымша жабдықтарды пайдалануға құқылы..
5. Слетқа қатысушыларды марапаттау
20. Командалық орындар коэффициентті ескере отырып, ұпай саны бойынша анықталады. Ұпайлардың теңдігі жағдайында кросс жүруде ең жоғарғы ұпайы бар командаға артықшылық беріледі. Коэффициент блок бойынша 1:1, Конкурс: 1:3.
21. Слет жеңімпаз командалар мен жеңімпаз қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталады. Слеттағы жеңімпаздарды дайындаған педагогтерге алғыс хат беріледі немесе жолданылады.
6. Слетті қаржыландыру
22. Жарыс өткізілетін орынға және кері шығуға арналған шығындар қалалық және аудандық білім беру бөлімдері есебінен жүргізіледі.
23. Дипломдар мен мақтау қағаздарын алу, төрешілік жұмыстарына, жарыс кезінде қатысушыларды тамақтандыру, орналастыру және транспорттық тасымалдау шығындарын төлеуді Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы» КМҚК есебінен жүргізіледі.
қосымша 1
«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедиция
отрядының облыстық слетіне қатысу
ӨТІНІМІ
Мекеме ____________________________________________________
(толық атауы, мекенжайы, телефон факс, е-mail)
Топ жетекшісі _______________________________________________________________
(аты-жөні, тегі, жұмыс орны, лауазымы, байланыс телефоны, e-mail)
|
р/н № |
Аты-жөні,тегі |
Туған күні, жылы |
Әлеуметтік санаты |
Қала, аудан, ауыл |
Номинация |
Қатысушыны дайындаған педагог (Аты-жөні, тегі толық, жұмыс орны, лауазымы, байланыс телефоны, е-mail) |
ЖСН |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|