Облыстың дарынды оқушылары 2019 жылдың 23-28 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қ. өткен көлік саласындағы «Nazarbayev Fund Schools Challenge» конкурсның республикалық кезеңіне қатысты.
Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және ҚР ӘМ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ӨМК бірігіп ұйымдастырылған.
Іс-шара оқушылардың көлік саласына қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыруға және қолдауға бағытталған
Байқаудың қосалқы ұйымдастырушылары Ұлыбританияның ғылым, техника, технология және басқару салаларындағы көшбасшы жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқу орны болып саналатын Крэнфилд франк-британдық ғылыми-зерттеу университеті (Ұлыбритания), сонымен қатар Назарбаев университеті. Байқаудың серіктестері Эйр Астана Ұлттық тасымалдаушысы және «Samruk-Kazyna Trust» КҚ.
Байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша ШҚО командасы (Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – лицейдің 10 сынып оқушысы - Рахимбердинов Данияр және Өскемен қаласындағы «Бриг» жеке бизнес-мектебінің 10 сынып оқушысы - Цыбрий Егор) қазылар алқасының алдында жобаларын белсенді қорғап, 2019 жылдың тамыз айында Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) мәдени-таныстыру сапарына жолдама алды.
Балаларды жетістіктерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

