2019 жылдың 27-29 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «NURORDA» мектеп-лицейі базасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Жасөспірімдер олимпиадасы оқушылардың жаратылыстану-математика бағыттындағы пәндерге қызығушылығын ынталандыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және Олимпиадалық резервін құру мақсатында өткізілді.
Республиканың жалпы білім беретін және мамандандырылған оқу орындарының 7-9 сынып оқушылары өз білімдері мен дағдыларын бес пән бойынша көрсетті: математика, физика, информатика, биология және химия. ШҚО командасынан 7 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Семей қаласы, Облыстық мамандандырылған «Білім инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Мұхаметкәрім Қаныш марапатталды (информатика).
ІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы,Облыстық мамандандырылған «Білім инновация» лицейінің 8 сынып оқушысы Газизбеков Арсен марапатталды (химия).
III дәрежелі дипломмен Семей қаласы № 6 гимназиясының 7 сынып оқушысы Курбатов Антонмарапатталды (биология).
Олимпиада аясында қатысушыларға мәдени және демалыс бағдарламасы, сондай-ақ елорданың көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ұстаздары мен ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз! Болашаққа үлкен жетістіктер тілейміз!


