+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Бастау» Республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
13 Мамыр, 15:19

 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2019 жылдың 18 мамырында «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңін(бұдан әрі – Турнир) өткізеді.

Негізгі мақсаты – математикаға қабілеті бар дарынды бастауыш сынып оқушыларын анықтау, қолдау және дамыту болып табылады.

Конкурстың негізгі міндеттері:

- математика саласындағы неғұрлым дарынды бастауыш сынып оқушыларының командалық жарыста бір-бірімен шығармашылық қарым-қатынас жасауына арнайы жағдай жасау;

- математика пәні бойынша Шығыс Қазақстан облысының олимпиадалық резервін қалыптастыру;

- бастауыш сынып оқушыларының танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру, математика пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;

- бастауыш сынып оқушыларының жеке және командалық жарыстарға қатысу қабілетін дамыту.

Облыстық кезең үш айналымда өтеді:

1 айналым – «Әу Баста» (жазбаша командалық олимпиада).

2 айналым  – «Асық» (ауызша-командалық олимпиада).

3 айналым – «Математикалық бәйге» (ауызша-жекелей олимпиада).

Турнир өткізудің жұмыс жасау тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

Турнир Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 9а, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей базасында өткізіледі.

Қатысушыларды тіркеу таңертеңгі сағат 8:30-да.

Турнирдің басталуы сағат 9:00-де.

Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды жариялауға қызығушылық білдіретін бұқаралық ақпарат құралдарын аталған шараға қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒП орталығына  8 (7232) 700-244 телефоны бойынша хабарласуға болады.