+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Жас зияткерлер «Жас математик» және «Жас физик» олимпиадасында
06 Мамыр, 19:15

2019 жылдың 4 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыстық мамандандырылған облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесіп «Жас математик» және «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың әлеуметтік-белсенділігін дамыту және интеллектуалдық-шығармашылық потенциалын ашу.

Олимпиада екі кезеңнен өтті. Бірінші кезең жекелей, екінші кезеңі жалпы командалық.

Олимпиадаға облысымыздың бүкіл аудандары мен қалаларынан 5-8 сынып аралығында 120-дан астам оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 72 жүлдегер анықталды. І дәрежелі дипломмен - 14 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 25  және ІІІ дәрежелі дипломмен - 33 оқушы марапатталды (Жүлдегерлер тізімі қосымша берілген).

Жүлдегерлерді, мұғалімдері мен ата-аналарды үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрқашан биіктен көрінулерін тілейміз!