+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Зияткер» желілік кешені мектептерінің балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының қорытындысы
06 Мамыр, 12:24

2019 жылдың 4 мамырында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы білім басқармасы «Зияткер» желілік кешені мектептерінің балаларына арналған«Тілашар» облыстық олимпиадасы өткізілді. Олимпиада облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында өтті.

Олимпиаданың мақсаты – балалардың инженерлік-техникалық әлеуетін ынталандыру және политехникалық ой-өрісін кеңейту.

Олимпиадаға «Дарынды мектеп» Кешенді жобасын жүзеге асыру аясында ашылған облыстың «Зияткер»желілік кешен мектептерінің 1-2 сынып және мектепалды дайындық сыныптарының тәрбиеленушілері қатысты.

Олимпиада келесі бағыттар бойынша өтті:

  • «Мен әлемді танимын»;

  • «Қызықты математика»;

  • «Стандартты емес есептерді шешу»;

  • «Легошығармашылық»;

  • «Легоқұрастыру»;

  • «Инженерлік есептердің шығармашылық шешуі».

Қатысушылар тапсырмаларды орындау кезінде сурет салды, санады, есептер шешті, конструкциялар құрастырды, аппликациялар жасады, сөйлемдер мен суреттерді салыстырды, бояды. Балалар жыл көлемінде алған және болашақта мектепке қажетті қабілеттері мен дағдыларын қолдана білді.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 66 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды (І орын – 18, ІІ орын – 22, ІІІ орын – 26).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен қатар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бүлдіршін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жетістіктерімен құттықтаймыз!

Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!