2019 жылдың 19-27 сәуірі аралығында Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында Химия пәні бойынша 53-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Халықаралық олимпиадаға әлемнің 30-дан астам елінен: Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Украина, Грузия, Израиль, Сауд Арабиясы, Австрия, Түркия және басқа елдердің жас химиктері қатысты.
Біздің республика команда құрамына Қазақстан Республикасының ұлттық олимпиадалық құрамасының мүшелері - 7 үздік дарынды оқушы, оның ішінде Өскемен қаласының облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Көпенов Нұрлыхан қатысты.
Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең тапсырмалары мамандандырылған химиялық сыныптар бағдарламасына сәйкес келді. Екінші кезеңде жоғары деңгейлі тапсырмалар ұсынылды, олар бес бөлімнен құралды: бейорганикалық химия, органикалық химия, аналитикалық химия, физикалық химия және өмір туралы ғылымдар.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық олимпиадалық құрамасының мүшесі, республикалық, беделді халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы Көпенов Нұрлыхан тағы да лайықты өнер көрсетіп қола медальдің жеңімпазы атанды.
Олимпиада аясында дарынды балаларға арналған мәдени бағдарлама ұйымдастырылды, Ресейдің Санкт-Петербург және Петергоф сияқты әдемі қалаларында экскурсия жүргізілді.
Нұрлыханды, оның ата-анасын және мұғалімдерін жеңіспен құттықтаймыз!
Әрі қарай жетістіктер мен жеңістер тілейміз!