2019 жылдың 22-27 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары ғарыштың практикалық негізін қалаушысы, ғалым, академик – Сергей Павлович Королевтың атындағы Бүкілресейлік «Адам-Жер-Ғарыш» ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жобалар олимпиадасына қатысты. Дәл осы олимпиадаға дәстүрлі түрде Ресей Федерациясының және Қазақстанның оқушылары қатысады.
Олимпиада қорытындысы бойынша ШҚО командасы жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Овчаров Денис – Семей қаласы, Пригород орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Құсман Бақытжан – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының 11 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Сайлаубеков Тимур – Өскемен қаласы, №47 орта мектептің 10 сынып оқушысы;
- Трегуб Вячеслав – Өскемен қаласы, Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Кайырбеков Нариман – Өскемен қаласы, Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған:
- Маратов Ерасыл – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясының 10 сынып оқушысы.
Олимпиада қатысушыларға зияткерлік сайыстармен ғана емес, сонымен қатар танымдық-мәдени бағдарламалармен есте қалды. Балалар Мәскеу қаласындағы әлемдегі ең ірі ғылыми-техникалық музейлердің бірінде болды. Олар Әскери-әуе күштер техникасының шынайы үлгілерімен танысты: әр түрлі ұшақтар, тікұшақтар, әуемоторлар мен қарулар, құтқару құралдары, 1909 жылдан басталған әуенің барлық тарихына қатысты ашық аспан астындағы жалғыз мұражай-Монино әскери-әуе күштерімен танысты.
Олимпиадаға қатысушылар «Роскосмос» ғарыш қызметінің мемлекеттік ұшу басқармасы корпорациясында болуға мүмкіндік алды. Оқушылар Орталық құрылымымен, жұмысымен және ХҒС Ресейлік сегментінің Бас залымен танысты. Қатысушылардың есінде көпке дейін – 2018 жылғы шілде-желтоқсан аралығында «Союз МС-09» кемесінде ғарыштық ұшу жасаған Сергей Прокопьев және ғарыш командасындағы жалғыз әйел – Анна Кикина Сынақ ғарышкерлермен кездесу есте қалады.
Жеңімпаздар мен қатысушыларды және олардың атааналарын, ұстаздарын жеңіспен құттықтаймыз!




