2019 жылдың 21-28 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Төкен Омаров атындағы ғарыштың астрономиясы мен физикасы бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарысына қатысты.
Ғылыми жарыстың барлық қатысушылары ғылыми жобаларды қорғап, теориялық және практикалық турларды шеше отырып, олимпиадаға қатысты.
Жобаларды қорғау қорытындысы бойынша біздің команда жүлделі орындарға ие болды.
І дәрежелі дипломмен марапатталды:
- Пятков Никита-Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Чадов Искандер-Өскемен қаласының математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Бородулиха ауданы Белағаш орта мектебінің 8 сынып оқушысы Кадочников Алексей.
ІІ дәрежелі дипломмен Глубокое ауданы Уваров орта мектебінің 9 сынып оқушысы Измайлов Леонид марапатталды.
Ғылыми жарыстар шеңберінде балалар күндізгі және кешкі уақытта орталық обсерваториясынан көктемгі аспан объектілерін, астрономиялық объектілерді бақылап, экскурсиялық бағдарламаға қатысты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың мұғалімдері мен ата-аналарын құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!