Республиканың барлық аймағында 2018 жылдың 24 сәуірінде бір мезгілде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша олимпиада өткізілді, оған қалалық/аудандық кезеңнің жеңімпаздары атанған 110-нан астам оқушықатысты.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылығын арттыру, жасөспірімдердің жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру және олимпиада резервін құру.
Облыстың дарынды балалары, 7-8 сынып оқушылары математика, физика, биология,химия, информатика пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша 53 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (І орын -12 оқушы, ІІ орын – 17 оқушы, ІІІ орын – 24 оқушы).
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!
Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!