+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Химия және биология пәндерінен Жакула Күшікұлы атындағы облыстық олимпиадасының қорытындысы
12 Сәу, 21:38

 2019 жылғы 10-12 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы білім басқармасы 9-11 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндерінен Жакула Күшікұлы атындағы облыстықолимпиадасын өткізді. 

Олимпиада меценаты қоғамдық-саяси қайраткер, тұңғыш қазақ дәрігері Жакула Күшікұлының немересі Асқар Жакули атындағы «Ас-Ай» қайырымдылық қоры болды. Олимпиада оқушылардың химия мен биологияға қызығушылығын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау, интеллектуалды дамуы мен кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету мақсатында екінші рет өткізілді.

Олимпиада екі кезеңде өткізілді: теориялық және практикалық. Оқушылар биология және химия саласында зертханалық жұмыстар мен эксперименттер жүргізді, теориялық білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Олимпиада аясында мәдени-білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды: қалалық драма театрында өткен «Көксерек» қойылымын көру, Өскемен қаласының көрікті жерлеріне саяхат жүргізілді. 

«Ертіс концерт» орталық мәдениет сарайында салтанатты түрде олимпиаданың жабылу рәсімі өтті. Олимпиада аяқталуымен қатысушыларды «Ас-Ай» қайырымдылық қорының директоры Сейдолла Гүлнар құттықтады. Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен - 18; ІІ дәрежелі дипломмен - 24; ІІІ дәрежелі дипломмен – 48 оқушы марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Жас патриоттарға болашаққа жеңістер тілейміз!