+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Киелі Алтайым-туған жерім» атты археологиялық мектебіне қатысқан тарих және археология саласындағы ғылыми жобалар бойынша жұмыс істеуші 8-10 сынып оқушылары үшін шеберлік- сағаты өткізілді.
11 Сәу, 14:46

2019 жылдың 9 сәуірінде С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің бас ғимаратының кешеніндегі археология мұражайында «Киелі Алтайым-туған жерім» атты археологиялық мектебіне қатысқан тарих және археология саласындағы ғылыми жобалар бойынша жұмыс істеуші 8-10 сынып оқушылары үшін шеберлік- сағаты өткізілді.

«Археологиядағы сақтау және қалпына келтіру: ұлттың мәдени мұрасын сақтау және құтқару» тақырыбындағы шеберлік-сағатты Алтайдың археология және мәдени мұрасы мұражайының меңгерушісі, «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері,С.Аманжолов ат.ШҚМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, археология және этнология магистрі - Кариев Елдос Мақсатұлы жүргізді.

Шеберлік-сағатының мақсаты: археологиялық материалдармен іс-тәжірибелік жұмыс жасау жолдары арқылы оқушыларды бастапқы сақтау мен қалпына келтіруге үйрету.

Бұдан бұрын ШҚО білім басқармасының «Дарын» Шығыс-Қазақстан облыстық ғылыми-практикалық орталығы «Киелі Алтайым-туған жерім» археологиялық мектебін өткізіп, онда оқушылар ғалымдар және археологтармен бірлесіп, Көктөбе қорғандарының, Аблаинкит бекініс монастырының және Көктау тау массивінің қорғандарын аралаған болатын.