2011 жылдың 11 желтоқсанында Өскемен қаласында өткен балалар мен жасөспірімдердің музыкалық шығармашылығының облыстық байқау-фестивалі - «Тәуелсіз Қазақстаным менің» деп аталған.
ШҚ облыстық әкімдігінің «Тәуелсіздіктің жиырма жұлдызды күндері – жиырма шыңы» акциясы аясында осы байқауды Шығыс-Қазақстан облысы білім басқармасы, ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен және Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебімен бірлесе ұйымдастырды. Осындай фестивальді жүргізудің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің рухани, білімдік және интеллектуалды қарымын дамыту, аса дарынды балаларды айқындау, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының мәдениетін арттыру, балалар мен жастардың бос уақытының сапасын жетілдіру, сонымен қатар Қазақстанда ұлттық музыка мәдениетін өзектендіру және дамыту болып табылады. Осы шараға қатысушылардың жалпы саны 280 адамнан асты, олар Шығыс Қазақстанның 25 балалар музыка мектептерінің және 13 қалалары мен аудандарының өкілдері. Соңында байқаудың географиясы айтарлықтай кең болды: Өскемен және Семей қалаларының орталық музыка мектептерінен басқа, байқауға Глубокий, Шемонайха, Үржар аудандары белсенді түрде қатысуға дайын, сонымен қатар Аягөз, Зырян, Ұлан, Бесқарағай, Жарма, Катон-Қарағай аудандарының БММ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау қарсаңында, облысымыздың жас музыканттарына өз шығармашылық қарымын көрсетуге, жеңіске ұмтылу еркін сезінуге жақсы мүмкіндік берілді.
Байқау «Аспапты орындаушылық» номинациясында екі бағытта жүрді: жеке ойнау және ансамбльде; 210 жас музыканттар қазақ және орыс халық аспаптарында, ішекті және үрмелі аспаптарда, сонымен қатар фортепианода жеке орындауларын көрсетті. 60 бала дуэттерде орындады.
Құзыретті қазылар алқасының құрамына кірген Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс-Қазақстан өнер колледжінің және Семей, Өскемен қалаларының балалар музыка мектептерінің алдыңғы қатарлы мұғалімдері, жас музыканттардың өнерлерін келесі белгілер арқылы бағалады: музыкалық дарындылығының айқындығы, орындау техникасы (дауыс ырғағының тазалығы, фразаларының сауаттылығы), шығарманың стильдік жоруы, әртістілік, жекешілдік. Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің үлкен концерттік сахнасында жас музыканттардың көрсеткен өнерлерінің қорытындысы бойынша байқаудың қазылар алқасы Риддер және Шемонайха қалаларының, сонымен қатар Глубокое, Үржар және Бесқарағай аудандарының жас музыканттарының орындаушылық жағынан айтарлықтай өсуін айтты. Дәстүрге сәйкес Семей және Өскемен қалаларының БММ және БӨМ көптеген өкілдері, Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің оқушыларын қоса алғанда, олар орындаудың жоғары сапасын көрсетті. Байқаудың барлық қатысушылары ШҚО білім басқармасының дипломдары мен грамоталарын алды.