«Ғылым әлемін ашамыз» ХV Халықаралық ғылыми жарыстарының қорытындысы
Облысымыздың жас зерттеушілері 2019 жылдың 3-6 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ХV Халықаралық ғылыми жарыстарына қатысты.
Ғылыми сайыстың мақсаты - ғарыштық зерттеулер саласындағы ғылыми - зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Халықаралық байқауға еліміздің барлық өңірінен 126 оқушы қатысты. ШҚО-дан физика пәні бойынша 10 жас зерттеуші қатысты.
Iс-шараның салтанатты ашылуында қатысушыларды Нұр-Сұлтан қаласынының С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің радиотехника, электроника және телекоммуникация кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы - Бақтыбеков Қазыбек Сулейменович және Байқоңыр халықаралық ғарыш мектебінің директоры, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ұстазы -Дмитрий Шаталов құттықтау сөздермен қарсы алды.
Алғаш рет ғылыми-зерттеу жобаларында қатысушылар Байқоңыр станциясы тұрғысынан «Союз» зымыранының ұшырылғанын көрді.
Жарыстың қорытындысы бойынша облысымыздың қоржыны 8 жүлделі орынмен және республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамоталарымен толықты.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
Жакупов Олжас - Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Нурсолтанов Дильдар - Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Хусаинов Ансар - Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
ІIдәрежелі дипломмен марапатталғандар:
Серканов Диас - Шемонаиха ауданы Н. Островский ат. №1 орта мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы;
Кадочников Алексей- Бородулиха ауданы, Белағаш орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
Медведев Денис - Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Тұрсынғазы Қанат- Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған:
Алтынбеков Ардақ - Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталғандар:
Абраимов Канат- Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Мурзаканов Султан- Семей қаласы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!
Директордың м.а. Г. Рахимжанова



