Жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларына арналған «Балдырған» облыстық олимпиадасының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
_____________________________________________________________________
2019 жылы 13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларына арналған «Балдырған» облыстық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізуді жоспарлауда.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дәрежесін жоғарлату, дарынды балаларды анықтау мен дамыту үшін қажетті жағдай жасау, жетістікке жетуге деген құлшыныстарын қалыптастыру болып табылады.
Олимпиада ІІІ кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – мектепішілік (наурыз айының бірінші онкүндігі);
- екінші кезең - аудандық / қалалық (наурыз айының екінші онкүндігі);
- үшінші кезең - облыстық (сәуір айының екінші онкүндігі).
Олимпиадаға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 3-4 сынып оқушылары және мектепалды дайындық сыныптарының тәрбиеленушілері қатысады.
Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, дүниетану, көркемдік жұмыс / бейнелеу өнеріпәндері бойынша өткізіледі.
Олимпиаданың өту орны: Өскемен қаласының №47 жалпы орта білім беретін мектеп (Комсомол көш, 31/3).
Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу – сағат 08.30-да.
Олимпиаданың басталу уақыты – сағ. 9:00-де.
Олимпиаданың жабылуы қатысушыларды марапаттау салтанатын қамтиды.
Қосымша ақпараттар алу үшін 8(7232)70-02-44 «Дарын» ШҚ ӨҒПО телефондарына хабарласу қажет.