+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасын өткізу туралы ереже
04 Сәу, 20:25

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, өткізу мен қаржылындыру, қатысу және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.

2. Олимпиада ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «С. Аманжолов атындағы мемлекеттік университет» ШЖХ РМК (бұдан әрі - С. Аманжолов ат. ШҚМУ), «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ӨҒПО) болып табылады.

3. Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру.

4. Олимпиаданың негізгі міндеттері:

- шығармашылық қабілеттер мен ғылыми-практикалық іс-әрекеттерге деген қызығушылықты анықтау және дамыту;

- Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерінің мазмұнын түсіндіру,

- оқушылардың өлкетануды оқып үйрену саласындағы танымдық және шығармашылық белсенділіктерін белсендіру;

- оқушылардың санасына бірігу маркерлері мен қазақстандық сәйкестендіру – жалпыұлттық қасиеттеріміз арқылы Қазақстан халқының идеяларын нығайту;

- бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық сәйкестік, білімге табыну, дамудың эволюциялығы және сананың ашықтығы ұстанымдарына қалыптасқан азаматтықты және патриоттықты тәрбиелеу;

- әлеуетті талапкерлердің өңірден кетуін ескерту мақсатында оқушыларды Шығыс Қазақстан облысының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі -   С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-мен таныстыру.

 

Олимпиаданы өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.

2. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті

 

5. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

Ұйымдастыру комитеті:

- Олимпиаданың дайындығына және өткізілуіне тікелей бассшылықты жүзеге асырады;

- Олимпиадаға қатысу үшін қажетті материалдар мен өтінімдерді қабылдайды;

- Олимпиаданың қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;

- Олимпиада шараларының түрлерін, өткізу түрлерін анықтайды;

- Олимпиаданың қорытындысын талдайды және жалпылайды;

- Олимпиаданың дайындығын, өткізілуін және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.

 

3. Олимпиада қатысушылары

 

6. Олимпиадаға ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 6-11 сынып оқушылары қатыса алады.

 

4. Олипиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 

7. Олимпиада үш кезеңде өтеді:

Бірінші кезеңмектепішілік іріктеу(сәуір айының бірінші онкүндігі,                  2019 жыл).

Екінші кезеңаудандық/қалалық іріктеу(сәуір айының екінші онкүндігі, 2019 жыл).

Үшінші кезеңоблыстық (3 мамыр, 2019 жыл, Өскемен қ.).

8. Қатысушылардың келу күні - 3 мамыр (сағат 9.00 дейін), қайтуы – 3 мамыр (сағат 16.00-ден кейін).

9. Олимпиадаға қатысу (1-қосымша) туралы білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген сұраныс 2019 жылдың 22 сәуіріне дейін келесі мекен-жайға жіберу қажет.Өскемен қ., Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО, тел. 8 (7232) 70-02-44, е-mail: vk_daryn@mail.ru.

Сұранысқа қоса тіркеледі:

  1. мектепішілік іріктеу кезеңін аудан/қалада ұйымдастыру және өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен  бекітілген қорытынды есеп (2-қосымша);
  2. аудандық/қалалық кезеңді өткізу туралы білім бөлімдерінің басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген қорытынды есеп (3-қосымша);
  3. аудан/қалалардан келген қатысушылардың тізімі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, оқушылар командасын алып жүрушінің  тегі, аты әкесінің аты және лауазымы.

10. Әр аудан/қала, мамандандырылған мектептерден қатысатын командалардың сандық құрамы 10 адам: топ жетекшісі және 9 қатысушы (6 сынып – 1 қатысушы; 7 сынып – 1 қатысушы; 8 сынып – 1 қатысушы; 9 сынып – 2 қатысушы; 10 сынып – 2 қатысушы; 11 сынып – 2 қатысушы).

11. Топ жетекшісі Олимпиадаға қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұрғылықты жеріне дейінгі қайтар жолда өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.

12. Олимпиадаға келіп жеткен соң топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

1) Олимпиадаға қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;

2) қатысушылар туралы мәлімет (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, үй телефоны, ұялы телефоны, топ жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефоны);

3) Қатысушылардың жеке төлқұжатының немесе тууы туралы куәлігінің көшірмесі.

13.Қала/аудан қатысушыларының, облыстық мамандандырылған мектеп  оқушыларының әр командасының біріңғай формасы болу қажет.

 

5. Олимпиаданы өткізу шарттары

 

14. Олимпиада екі айналымда өтеді:

1) Кешенді олимпиада– жеке қатысу.

Кешенді олимпиада тест түрінде өтеді. Тест тапсырмалары орыс және қазақ тілдерінде «Әдебиет», «География», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша әзірленеді. Тапсырмалардың мазмұны 6-11 сыныптардағы тереңдетілген мектеп бағдарламасымен сәйкес келуі тиіс (тапсырмалардың 30%-ы өңірлік компоненттен білімді тексеруге бағытталған).

Регламент: 75 минут.

Олимпиада тапсырмаларын орындауда әр қатысушыға ең жоғары ұпай саны:
60 ұпай.

2) «Тарих білгірлері» викторинасы - жеке қатысу (2019-2020 оқу жылына «Тарих» мамандығына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ректорының грантын алуға үміткер 11 сынып оқушыларына арналған).

Әрбір қатысушы 20 тапсырманы орындауы қажет.

Викторинаның тапсырмаларын тексеру және бағалауды  әділқазылар алқасы 40 баллдық жүйе бойынша тексереді және жауаптардың дәлдігін ескереді.

3)«Ұлы даланың жеті қыры: археологиялық нысандар мен артефактілер» квесті – Шығыс Қазақстан аумағында орналасқан археологиялық нысандар мен артефактілерді қоса алғанда, өңірлік компонентті білуге арналған командалық ойын-жарыс.

Квестті қазылар алқасы командалар жауабының нақтылығын ескере отырып бағалайды.

Ең жоғары бағалау: 60 ұпай.

 

6. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау

 

15. Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалар «Ұлы даланың жеті қыры: археологиялық нысандар мен артефактілер» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды.

Жеке сайыста «Тарих білгірлері» викторинасы мен кешенді олимпиада номинациясы бойынша марапатталады.

20109-2020 оқу жылына «Тарих» мамандығы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ректорының гранты екі номинация бойынша ең көп ұпай жинаған қатысушыға беріледі: кешенді олимпиада және «Тарих білгірлері» викторинасы.

Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Жеңімпаздарды қазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қазылар алқасы құрамына ШҚО атқарушы билік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, шығармашыл зиялылар өкілдері, халықаралық, республикалық, және облыстық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаған алдыңғы қатарлы мұғалімдер, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді.

 

7. Қаржыландыру

 

16. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес «Дарын» ШҚ ӨҒПО жүзеге асырады.

Олимпиадаға қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (екі жаққа жол жүруі) жіберуші жақ есебінен төленеді.

 

 

 

1-қосымша

 

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасына қатысуға тапсырыс

 

Қатысушының тегі, аты

 

Аудан/ қала

 

Білім беру ұйымы

 

Сыныбы

 

Оқу тілі

 

Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты

 

Жетекшінің лауазымы

 

Жетекшінің ұялы телефон нөмірі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру бөлімінің басшысы /

облыстық мамандандырылған мектептің директоры  __________________________

                                                                                                          (ТАӘ, қолы)

 

 

2-қосымша

 

______ сәуір, 2019 жылы _____________________ ауданында/қаласында,

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының мектепішілік іріктеу кезеңін өткізу қорытындысы

 

Білім беру

ұйымының атауы

Қатысушылардың жалпы саны

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің

жалпы саны

Байланыс

телефоны

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру бөлімінің басшысы /

облыстық мамандандырылған мектептің директоры  __________________________

                                                                                                          (ТАӘ, қолы)

 

3-қосымша

 

_____ сәуір, 2019 жылы ____________________  ауданында/қаласында,

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» оқушыларға арналған облыстық пән олимпиадасының аудандық/қалалық іріктеу кезеңін өткізу қорытындысы

 

Қатысушылардың

жалпы саны

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің

жалпы саны

 

 

 

 

Білім беру бөлімінің басшысы /

облыстық мамандандырылған мектептің директоры  __________________________

                                                                                                          (ТАӘ, қолы)