+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
04 Сәу, 19:09

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімді тереңдету және жетілдіру мақсатында облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін 2019 жылдың 3 сәуірінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі болып өтті.

Олимпиада екі айналымнан тұрды: эссе жазу және ауызша айналым.

Оқушылар қазақ тілі мен әдебиетінің шығармаларын, Қ. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектерін білу бойынша сайысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 35 оқушы жүлдегер атанды.

І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Төкенова Бақытгүл – Көкпекті ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы;

- Ануарбекова Мадина - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 9 сынып оқушысы;

- Ағзамова Айдана- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 10 сынып оқушысы;

- Мухаметжанова Аяжан - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттың 10 сынып оқушысы;

- Әлібекова Айгерім - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы;

- Нусупова Перизат – Аягөз ауданы, Қалалық қазақ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Тоғысов Тұмар – Өскемен қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектептің 9 сынып оқушысы;

- Жеңісханқызы Ақгүл - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 9 сынып оқушысы;

- Қабсамет Данагуль – Үржар ауданы, І. Жансүгіров атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы;

- Тоқанова Динара – Күршім ауданы, №3 гимназияның 9 сынып оқушысы;

- Момкенова Айжан – Риддер қаласы, «Шаңырақ» көпбейінді мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы;

- Қадырхан Шынар – Ұлан ауданы, М. Ломоносов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;

- Ахмерова Мөлдір – Жарма ауданы, Т. Хасенов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;

- Нурпеисов Дамир – Күршім ауданы, Құйған орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

- Набиолла Құндыз – Зайсан ауданы, Қаратал орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

- Юра Гүлбағар – Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбай атындағы мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы;

- Бәдешов Жандос - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Ризабекова Айнұр – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның 9 сынып оқушысы;

- Нуржанова Бекзат – Жарма ауданы, Абай атындағы көпбейінді мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы;

- Бақытбеков Ерсұлтан - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы.

- Жұмағұлов Бекарыс - Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы;

- Хайсаұлы Еламан – Аягөз ауданы № 5 орта мектептің 9 сынып оқушысы;

- Санақбекова Лағыл – Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 9 сынып оқушысы;

- Тілеуберді Айдана – Тарбағатай ауданы, №2 Ақсуат орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

- Қалибекова Ақерке – Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбай атындағы мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы;

- Мейірбайқызы Айғаным – Өскемен қаласындағы Ш. Уәлиханов №3 атындағы мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы;

- Аспандиярова Гүлім – Семей қаласы, №37 гимназияның 10 сынып оқушысы;

- Бақыт Райла – Үржар ауданы, І. Жансүгіров атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы;

- Серікова Жанетта – Тарбағатай ауданы, Абай атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы;

- Алтынбекқызы Іңкәр – Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- Қалымжанова Меруерт – Алтай ауданы, №9 орта мектептің 11 сынып оқушысы;

- Садықова Мадина – Глубокое ауданы, О. Бөкей атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы;

- Бөгенова Айым – Үржар ауданы, Найманбай атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы;

- Қайырбекова Тоғжан – Күршім ауданы, Қ. Нұрғалиев атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы;

- Айткәрім Рүстем – Өскемен қаласы, Ш. Уалиханов атындағы №3 орта мектептің 11 сынып оқушысы.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын құттықтаймыз!

Жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!