+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Сардар» облыстық кешенді олимпиадасының қорытындысы
01 Сәу, 16:21

2019 жылғы 27-29 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы білім басқармасы Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Сардар» облыстық кешенді олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» облыстық мамандандырылған лицей-интернатының 11 сынып оқушылары және  5-7 сынып «Шығыс ұландары» оқушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты әскери қызметке қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту, әскери білім берудің беделін көтеру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Кешенді олимпиада 2 кезеңде өтті. Теориялық кезең - математика, физика, Қазақстан тарихы, қазақ және орыс тілдері, алғашқы әскери дайындық пәндерінен тестілеу.

Екінші кезең – практикалық, олимпиадаға қатысушылардың алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтыру нормативтерін қабылдау.

Қатысушыларды Шығыс Қазақстан облысының күш құрылымдары мен әскери бөлімдерінің өкілдерінен тұратын қазылар алқасы бағалады.
Олимпиада аясында мәдени-білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды: Абай атындағы театрда өткен «Қаhарман Қасым» қойылымын көру, әскери техниканың негізгі түрлерімен және заманауи армияның қаруымен танысу мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери мұражайына  саяхат жүргізілді.

«Сардар» олимпиадасының салтанатты жабылуы және қатысушыларды марапаттау рәсімі Семей қаласында Гарнизон офицер үйінде өтті. Әскери оркестр және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығыныңәртістерінің музыкалық қойылымдары мерекелік көңіл күй сыйлады.

Марапаттау рәсіміне білім басқармасының тұлғаны және тәрбие жұмысы бөлімінің меңгерушісі - Ислямова Жанар Аскаровна, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының командирінің әскери-патриоттық жұмыстары жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Мартынов Александр Алексеевичжәне әскери құрылымының басқа өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар «Шығыс ұландар» патриотты жастардың арқасында Қазақстан болашағына сенетіндіктерін атап өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі диплом және жеңіскер кубогімен – 7, ІІ дәрежелі – 12; ІІІ дәрежелі – 15 оқушы марапатталды.

Гран-при:

- Койчибеков Тимур – Семей қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Енсебаев Диас - Семей қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

- Соболев Никита - Шемонаиха ауданы Н.А. Островский атындағы №1 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;

- Ахметжанов Бекарыс – Үржар ауданы Найманбай атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Базадырова Мария Семей қаласы, № 40 орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Қабылғазы Жұпар – Тарбағатай ауданы, К. Нұрбаев атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы;

- Мұратұлы Ералы – Аягөз ауданы, №6 орта мектептің 6 сынып оқушысы;

- Снегирев Данил – Алтай ауданы, №8 орта мектептің 6 сынып оқушысы;

-Леонтьев Алексей - Шемонаиха ауданы Н.А. Островский атындағы №1 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы;

- Петухова Арина – Алтай ауданы, №8 орта мектептің 5 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі дипломмен:

- Медведев Денис – Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

- Мурзаканов Султан – Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

- Казезулы Ислам – Алтай ауданы, №8 орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Ахметкәрімов Әбілмансұр – Жарма ауданы, Маяковский атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Қайырлы Ернұр – Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Тоқанов Әли – Тарбағатай ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Мәденқызы Сания – Тарбағатай ауданы, К. Нұрбаев атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Бекбулатова Амина – Бесқарағай ауданы, Борас орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

- Тимошенко Милана – Шемонаиха ауданы Н.А. Островский атындағы №1 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;

- Токарева Дарья – Алтай ауданы, №8 орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Шишаева Виктория – Шемонаиха ауданы Н.А. Островский атындағы №1 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы;

- Заруднев Григорий – Алтай ауданы, №8 орта мектептің 6 сынып оқушысы;

-Черных Тимур – Алтай ауданы, №8 орта мектептің 5 сынып оқушысы;

- Түкенов Әділет – Үржар ауданы, Абай атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі диплом:

- Адильханов Адиль - Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

- Макешов Нұрлыбек - Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

- Хусаинов Ансар - Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

- Смирнов Павел – Өскемен қаласы, №4 орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Хайдаров Ғалым – Өскемен қаласы, №4 орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Шаукенов Амир – Бородулиха ауданы Н. Островский атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Ермеков Эльдар - Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектептің 7 сынып оқушысы;

-Чайкин Илья - Семей қаласы №40 орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Сағади Дарын - Үржар ауданы, Найманбай атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Асанова Рабиға – Жарма ауданы, Маяковский атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Бексултанова Әмина – Катанқарағай ауданы, Үлкен Нарын орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

- Зайкенова Еркежан – Зайсан ауданы, Айнабұлақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы;

- Махамбет Назерке – Глубокое ауданы, О. Бокей атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы;

- Құрбантайқызы Айым – Глубокое ауданы, О. Бокей атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы;

- Жұмайұлы Сая – Үржар ауданы, Найманбай атындағы орта мектептің 6 сынып оқушысы;

- Коваленко Данил - Өскемен қаласы, №4 орта мектептің 6 сынып оқушысы;

- Кочанов Тимур – Семей қаласы №40 орта мектептің 5 сынып оқушысы.

Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Жас патриоттарға болашаққа жеңістер тілейміз!