+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
ШҚО командасының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысу нәтижелері
01 Сәу, 16:16

2019 жылғы 25-30 наурыз аралығында Қызылорда қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілді. Қазақстанның барлық өңірлерінен 663 оқушы, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан 28 оқушы қатысты.

 Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру.

 Олимпиада аясында мәдени іс-шаралар, экскурсиялық бағдарламалар, Қызылорда қаласының көрікті жерлеріне саяхат өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша: 

І дәрежелі диплом және алтын медальмен марапатталған:

Хонкулов Алишер – Өскемен қаласы №12 орта мектептің 11 сынып оқушысы (орыс тілі және әдебиет).

ІІдәрежелі диплом және күміс медальмен марапатталғандар:

Джанбосинова Виктория – Өскемен қаласы, №12 орта мектептің 11 сынып оқушысы (неміс тілі);

Куйшибекова Камила – Семей қаласы, №37 гимназиясының 10 сынып оқушысы (орыс тілі қазақ мектептерінде);

Куклина Ульяна – Бородулиха ауданы, Жезкент кенті мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (құқық негіздері).

ІІІдәрежелі диплом және қола медальмен марапатталғандар:

Исламова Дильназ – Семей қаласы, №19 орта мектептің 10 сынып оқушысы (қазақ тілі орыс мектептерде);

Мухаметкалиева Адия – Көкпекті ауданы, Аманкелді орта мектептің 10 сынып оқушысы марапатталды (қазақ тілі және әдебиет).

 

Олимпиада жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Болашақта табыс пен үлкен жеңістер тілейміз!