Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен облыстық олимпиаданың
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
_____________________________________________________________________________________
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2019 жылғы 10-12 сәуіраралығында Өскемен қаласында Жакула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен олимпиаданың облыстық кезеңін өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, ғылыми дүниетанымды дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.
Олимпиадаға облысымыздың білім беру ұйымдарынан аудандық / қалалық кезеңнен өткен 9 - 11 сыныптың 200 оқушысы қатысады.
Олимпиаданың облыстық кезеңі 2 айналымнан тұрады: 1 айналым – теориялық (тестілеу); 2 айналым – практикалық (олимпиадалық тапсырмаларды шешу).
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болады. Барлық олимпиада қатысушыларына сертификаттар беріледі.
Өту орыны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ (Өскемен қ., 30-шы Гв. дивизия, 34)
Қатысушыларды тіркеу – 2019 жылғы 10 сәуір, сағат 15:30-де. Олимпиаданың басталуы – сағат 16:00 -де. Теориялық кезеңнің басталуы – сағат 9.00-де.
Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі Өскемен қ. Протозанов көш., 55 мекенжайында орналасқан Орталық мәдениет үйінде 2019 жылы 12 сәуірде, сағат 9:00-де өтеді.
Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды жариялауға қызығушылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдарын аталған шараға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО орталығы 8 (7232) 700-244 телефоны бойынша хабарласуға болады.