2019 жылдың 15 - 20 наурызы аралығында Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты - шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайларды жасау, оқушыларды халықаралық жарыстарға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім деңгейін арттыру.
2019 жылы жаратылыстану-математика бағытындағы олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының 44 оқушысы, оның арасында еліміздің ұлттық құрамасының қатысушылары - 7 беделді халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріқатысты.
Тұңғыш рет мектеп оқушыларының Олимпиадаға қатысуы онлайн режимінде трансляциялауыұйымдастырылып, ашықтығы қамтамасыз етілді,олимпиадаға қатысушыларының әрқайсысының сканерленген жұмыстары айналым соңынан ҚРБҒМ мен «Дарын» РҒПО сайттарында көрсетілді.
Екі (теориялық және тәжірибелік) турдың қорытындысы бойынша біздің облысымыз 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальді жеңіп алды.
I дәрежелі дипломмен және алтын медальмен марапатталғандар:
- Байболов Темірлан - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);
- Көпенов Нұрлыхан - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (химия);
- Мағауин Расұл - Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы.
ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталғандар:
- Рахметолла Нұрасыл - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (химия);
- Майқанов Бұлан - Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (география);
- Мухаметкарим Қайырлы - Семей қаласының дарынды балаларына арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);
- Рахимғалиев Нуржан - Семей қаласының дарынды балаларына арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (химия);
- Чарахметов Арафат - Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (биология).
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медалмен марапатталғандар:
- Еркимбеков Алишер - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (информатика);
- Искендиров Алмас - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (география);
- Казыбеков Ерсін - Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (физика);
- Юнкмен Сергей - Өскемен қаласының №7 орта мектебінің 9 сынып оқушысы (химия);
- Аксактемиров Амирлан - Семей қаласының №6 гимназиясының 10 сынып оқушысы(химия);
- Болатов Адлет - Семей қаласының дарынды балаларына арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (математика);
- Оралханов Дінмұхамед - Семей қаласының дарынды балаларына арналғаноблыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (информатика);
- Серік Талғар - Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (химия);
- Жанатов Ғалымжан - Семей қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (география).
Көп ұзамай жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінАлматы қаласындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысу күтіп тұр.
Республикалық олимпиаданыңжүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта табыстар мен жоғары жетістіктер тілейміз!