Оқушылардың жаратылыстану-математикалық ғылымдарды оқуға қабілеттерін дамыту, жағдай жасау және Назарбаев Зияткерлік Мектептеріне Тұңғыш Президент гранты бойынша оқуға түсуге дайындық мақсатында «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» Акционерлік Қоғамы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығымен бірлесіп «2010-2020 жылдарға Назарбаев ЗМ» даму Стратегиясын жүзеге асыру аясында «Виртуалды Мектеп» және «Каникул кезіндегі Мектеп» жобаларын енгізуді бастайды.
Виртуалды мектептің негізгі міндеттері: 1) Назарбаев ЗМ бейіндік пәндерінің оқу бағдарламасы бойынша жеке орындауға мүмкіндік беру; 2) оқушыларға кеңес беру мен әдістемелік қамтамасыз ету; 3) күндізгі оқу үшін каникул кезіндегі мектепті ұйымдастыру.
Виртуалды мектепте оқуға үміткерлер:
1) 5-сыныптарға – оқу жылының қорытындысы бойынша «жақсы» және «өте жақсы» баға алған 4-сынып түлектері;
2) 6-сыныптарға - оқу жылының қорытындысы бойынша «жақсы» және «өте жақсы» баға алған 5-сынып түлектері;
Виртуалды мектепте оқу мерзімі – әр оқу жылының 1 қарашасы мен 30 сәуірі аралығы.
Оқу екі кезеңнен тұрады:
1) кезең – 1 қараша мен 31 қаңтар;
2) кезең – 1 ақпан мен 30 сәуір.
Виртуалды мектепте тіркелген оқушылар жылына екі рет облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың Назарбаев ЗМ бейіндік пәндері бойынша тапсырмалар, оларды орындауға әдістемелік ұсыныстар алады.
Виртуалды мектепте оқитын пәндер тізбесі:
|
Сынып |
Назарбаев ЗМ физика- математикалық бағыт |
Назарбаев ЗМ химия-биологиялық бағыт |
|
5 |
Математика Ағылшын тілі |
Жаратылыстану (биология облысы) Ағылшын тілі, Математика |
|
6 |
Математика Ағылшын тілі |
Биология, Ағылшын тілі Математика |
Виртуалды мектепте оқу нәтижесінде қажетті ұпайларды жинаған оқушылар көктемгі және жазғы каникул күндері Назарбаев Зияткерлік мектебінде қысқа мерзімді оқуға және каникул мектебінде кеңес алуға шақырылады.
Мектеп, аудан (қала) деңгейінде жобаның үйлестірушісін белгілеп, аудандық (қалалық) үйлестірушілер туралы ақпаратты ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 8-7232-75-84-59 тел /факсына үлгі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Виртуалды, Каникул мектептерінде .... ауданынан оқушылардың қатысуын ұйымдастыру бойынша аудандық үйлестіруші туралы ақпарат
|
АЖТ |
Лауазымы |
Байланыс телефондары (телефон,e-mail) |
Ескерту |
Сондай-ақ Виртуалды мектепте қатысулары үшін әр білім мекемесінің 5,6 сынып оқушылары тіркелуіне қажетті жағдайларды туғызу қажет (компьютер мен Интернетке шығу мүмкіндігі болу). Виртуалды мектепте оқуға тілек білдіргендерді тіркеу 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында kokshetau.isfp.kz сайтында жүзеге асады.
Толық ақпаратты : o_mozhayeva@mail.ru e-mail арқылы алуға болады.
Анықтамалар үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына 75-77-19 телефоны арқылы хабарласуға болады.