«Ауылым – алтын бесігім» балалар әлеуметтік жобалар республикалық байқауының қорытындысы
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығымен ауылдық жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде интернаттық мекемелердің 7-9 сынып оқушыларына «Ауылым – алтын бесігім» республикалық жобалар конкурсы ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты балалар мен жасөспірімдердің белсенді азаматтық ұстанымдарын тәрбиелеу, өз ауылының/селосының өміріне араласу құқығын қамтамасыз ету, өмірлік бағдарларды дұрыс таңдау дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік бастамаларды іске асыру алаңдарын құру болып табылады.
2019 жылдың 28 қаңтарынан 18 ақпаны аралығында байқаудың қашықтық кезеңі өткізілді.
Қашықтық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысынан 26 бала (24 жоба) қатысты. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша облысымыздың 15 үздік жұмысы Шучье қаласына республикалық байқауға шақырылды.
2019 жылғы 14-16 наурызы аралығында республикалық кезеңде республиканың барлық облыстарынан 63 жоба қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша облысымыздың командасы келесі жетістіктерге қол жеткізді:
I дәрежелі дипломмен және «Океан» Жалпыресейлік балалар орталығы жолдамамен марапатталғандар:
- Айдарханова Нұрым – Күршім ауданы, Маралды орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Щербакова Наталья - Алтай ауданы, Бұхтарма орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Бородулина Светлана - Алтай ауданы, Бұхтарма орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Каукенов Сырым – Тарбағатай ауданы, Қ.Билялов атындағы гимназияның 9 сынып оқушысы;
- Оралханова Ақбота - Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.
II дәрежелі дипломмен және Қапшағай қаласындағы «Балдаурен» РОСО жолдамасымен марапатталды:
- Еркен Аяна – Жарма ауданы, Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы.
- III дәрежелі дипломмен және Шымкент қаласындағы «Балдаурен» РОСО жолдамасымен марапатталды:
- Қаникеш Айым – Зайсан ауданы, Х.Мустафина атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналарын және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!
Болашақта сәттілікпен жеңістер тілейміз!


