+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңін өткізу
06 Нау, 18:00

2019 жылдың 4-6 наурыз аралығында Таулы Үлбіде «Дарын» базасында 7-11 сынып оқушылары арасындаөнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурстың негізгі  мақсаты – өнертапқыштық қызметті насихаттау және қолдау, балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуеті мен танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, перспективалық өнертабыстарды ілгерілетуге көмек көрсету болып табылады.

Жобаларды қорғау келесі бағыттар бойынша өтті:

  • техникалық құрастыру;
  • энергетика және электротехника;
  • энергия үнемдеу технологиялары;
  • роботтытехника, автоматика және зияткерлік жүйелер;
  • авиация, ғарышкерлік және аэроғарыштық техника.

Қатысушылардың жұмыстарын облыстың жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан құралған  әділқазылар бағалады.

Конкурс қорытындысы бойынша 28 жеңімпаз анықталды (І орын – 8, ІІ орын – 9, ІІІ орын - 11):

- Жеңісбек Сұлубай – Жарма ауданы, Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

- Асланбеков Муса, Муратбеков Ерлен – Үржар ауданы Қарақол орта мектебінің 7 сынып оқушылары;

- Магауия Бекарыс, Қанабеков Зейін – Семей қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім инновациясы лицейінің 10 сынып оқушылары;

- Амангелдыев Асанали – Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;

- Кайсаева Аяулым, Әбілов Санжар – Бородулиха ауданы қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Коев Ансар – дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 8 сынып оқушылары;

- Қуанышев Диас – Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын көпсалалы мектебінің 9 сныпы оқушысы;

- Мейрамбеков Саятбек – Аягөз ауданы № 10 қазақ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

- Толеугазы Алема, Ахметова Ақерке – Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын көпсалалы мектебінің 10 сынып оқушысы;

- Буранов Дмитрий, Сальникова Ирина – Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы;

- Егінбеков Әділжан – Бородулиха ауданы Н.Островский орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

- Романов Владимир – Өскемен қаласы, № 12 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Амангазин Еркебұлан – Өскемен қаласының Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7 сынып оқушысы; 

- Гуськов Леонид – Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы;

Другов Кирилл – Шемонаиха ауданы Н.А. Островский атындағы № 1 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;

- Клиновицкий Кирилл – Алтай ауданы мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы;

Карибаев Султан – Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

- Назархан Жалғас – Күршім ауданы № 1 Марқакөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

- Бухарбаева Арна – Аягөз ауданы қалалық қазақ мектеп-лицейінің 11 ынып оқушысы;

- Ашимов Әлімжан – Көкпекті ауданы Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы;

- Мейраш Бақтияр – Өскемен қаласының Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының  8 сынып оқушысы;  

- Пасько Илья – Семей қаласының № 29 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

- Измайлов Леонид – Глубокое ауданы Уварова орта мектебінің 9 сынып оқушысы.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және олардың ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз!

Болашақта сәттілік пен жеңістер тілейміз!