1. Жалпы ереже
- Осы Ережехимия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағыоблыстық олимпиаданың (бұдан әрі – Олимпиада) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
- Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, ғылыми дүниетанымды дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.
1.3. Олимпиаданың міндеттері:
- Оқушылардың химия және биология пәндеріне деген қызығушылықтарын ынталандыру;
- шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-практикалық іс-әрекетке деген қызығушылықтарын анықтау және дамыту;
- ең талантты және дарынды оқушылады іріктеу, олимпиадалық резервті құру;
- дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдайлар жасау, ғылыми білімді насихаттау және дамыту.
Олимпиаданы өткізудің жұмыс тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
2. Олимпиаданың жұмыстық органдары
2.1 Олимпиаданы өткізу үшін шараны үйлестіруді, ұйымдастыру-техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті өзінің құзыреттілігінің шегінде:
- Олимпиаданың өту мерзімін, тәртібін, өтетін орнын үйлестіреді;
- қазылар алқасының құрамын құрады және бекітеді;
- тапсырмаларды бағалау критерийлері мен материалдарды әзірлейді;
- жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімін бекітеді;
- Олимпиаданың қорытындысын талдайды және жалпылайды.
3. Олимпиада қатысушылары
- Олимпиадаға Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беру мекемелерінің, облыстың дарынды балаларға арналған лицей және мамандандырылған мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысады.
- Әр аудан/қаладан командалардың сандық құрамы 6 адам: 9 сынып – 2 оқушы, 10 сынып – 2 оқушы, 11 сынып – 2 оқушы және бекітілген квотаға сәйкес 1 жетекші (1-қосымша).
3.3. Команданың топ жетекшісі ретінде химия және биология пәндерінің мұғалімдері (жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес) тағайындалады. Топ жетекшісі олимпиадаға қатысушылардың өтетін орынға дейінгі жолда, оның өтуі кезінде және тұрғылықты жеріне дейінгі өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне толық жауапты болады.
3.4. Олимпиадаға келісіп жеткен соң топ жетекшісі ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:
- Аудандық/қалалық білім бөлім басшысының Олимпиадаға қатысу жөніндегі бұйрықтың көшірмесі;
- Олимпиадаға қатысушылар тізімі;
- Эпидорта бойынша медициналық анықтама (әр қатысушыға);
- Қатысушының жеке төлқұжатының немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі.
4. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Олимпиада 3 кезеңде өтеді:
1) бірінші – мектепішілік - ағымдағы оқу жылы ақпанның ІІ онкүндігі.
2) екінші – аудандық/қалалық (іріктеу) – ағымдағы оқу жылда наурыздың ІІ онкүндігінде.
3) үшінші – облыстық – ағымдағы оқу жылының 10-12 сәуірі аралығында.
4.2. Олимпиаданың облыстық кезеңі 2 айналымда өтеді: 1 айналым – теориялық (тестілеу); 2 айналым – практикалық (олимпиадалық тапсырмаларды шешу).
- Тапсырмаларды орындауға 3 астрономиялық сағат (180 минут) беріледі.
- Менделеевтің периодтық кестесін, ерігіштік кестесін пайдалануға рұқсат етіледі. Есептеулерді орындау үшін бағдарламаланбайтын калькуляторды пайдалануға болады.
- Олимпиада барысында жеке жазбаларды, кез келген әдебиетті, мобильді байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.
- Ережені бұзған жағдайда қатысушы Олимпиададан шеттетіледі.
- Олимпиадаға тіркеу және қабылдау білім беру ұйымы басшысының қолы мен бекітілген аудандық/қалалық білім бөлімдерінен жіберілген өтінім бойынша (2 қосымша) жүзеге асырылады. Өтінім ағымдағы оқу жылының 26 наурызына дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.
- Жіберілген өтінімдегі деректердің дұрыстығына білім бөлімдері жауапты.
5. Олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау
5.1. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
5.2. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды.
6. Қаржыландыру
6.1. Олимпиаданы қаржыландыру бекітілген сметаға сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен ШҚО білім басқармасы жүзеге асырады.
6.2. Қатысушылардың және олардың жетекшілерінің іссапар шығындары (бару және қайту) жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.