+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Ө. Жолдасбеков атындағы механика мен математика бойынша оқушылардың Халықаралық зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысу қорытындысы
04 Нау, 18:03

2019 жылдың 28 ақпаны мен 4 наурызы аралығында Алматы қаласында Ө. Жолдасбеков атындағы механика мен математика бойынша оқушылардың Халықаралық зерттеу жұмыстарының конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты оқушылардың мектептегі математика білімін дамытуға, ұйымдастыру жүйесі және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған.

5 оқушы Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы біздің  2 қатысушымыздың жұмысын атап өтті.

III дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

  • Солдатов Егор – Шемонаиха ауданы, Н. А. Островский атындағы № 1 орта мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
  • Серікқазина Аяулым – Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.