2019 жылдың 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласындағы Азияның көшбасшы университеті, инновациялық жоғары технологиялық орталығы – Солбридж университетінде өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысқан болатын.
Байқаудың мақсаты ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысатын оқушылардың зияткерлік және жеке дамуын қалыптастыру. Біздің облыс командасынан 4 оқушы өз білімдерін көрсетіп қайтты. Ешқайсысы құр қол қайтпай, барлығы жүлделі орындарға ие болды.
II дәрежелі дипломды Өскемен қаласы Ш. Уалиханов атындағы № 3 гимназияның 9 сынып оқушысы – Айдарқанова Альмира еншіледі, III дәрежелі дипломмен марапатталғандар: Санақбекұлы Сұлтан – Өскемен қаласының № 47 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, Зарыпханов Дархан – Өскемен қаласының Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, Даниял Дильназ – Семей қаласының № 30 орта мектептің 11 сынып оқушысы.
Оқушыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Табыс пен жоғары жетістіктер тілейміз!