Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2019 жылдың 4-6 наурыз аралығында өнертапқыштық саласындағы республикалық «Шапағат» конкурсының облыстық кезеңін (бұдан әрі –Конкурс) өткізеді.
Негізгі мақсаты– өнертапқыштық қызметті насихаттау және қолдау, балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуеті мен танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, перспективалық өнертабыстарды ілгерілетуге көмек көрсету болып табылады.
Конкурстың негізгі міндеттері:
- өнертапқыштық қызметті насихаттау;
-№оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және оларды өнертапқыштық қызметке баулу;
- оқушылардың үздік өнертабыстарын демонстрациялау, өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру.
Жұмысты қорғау келесі бағыттар бойынша өтеді:
- техникалық құрастыру;
- энергетика және электротехника;
- энергия үнемдеу технологиялары;
- роботтытехника, автоматика және зияткерлік жүйелер;
- авиация, ғарышкерлік және аэроғарыштық техника.
Конкурс өткізудің жұмыс жасау тілдері қазақ және орыс тілдері болып табылады.
Конкурс таулы Үлбі өзенінің жағалауындағы Орталық базасында өткізіледі.
Дарынды балаларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларды жариялауға қызығушылық білдіретін бұқаралық ақпарат құралдарын аталған шараға қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒП орталығына 8 (7232) 700-244 телефоны бойынша хабарласуға болады.