2019 жылдың 23-27 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Павлодар қаласындағы А.Бектұров атындағы V Халықаралық химиялық олимпиадаға қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының намысын Қазақстан Республикасы ұлттық олимпиадалық резервінің мүшелері, жалпы пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегерлері қорғады.
Дарындылар үш күн бойы химия бойынша теориялық және практикалық білімдерімен сайысқа түсті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация» лицейінің 11-ші сынып оқушысы Көпенов Нұрлыхан жеңімпаз болды, ол ірі ақшалай жүлдемен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Ескере кетсек, Нұрлыхан А.Бектұров атындағы V Халықаралық химиялық олимпиаданың бірнеше мәрте жеңімпазы, Минск қаласындағы химия бойынша 52-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қола жүлдегері, Якутск қаласындағы математика, физика, химия және информатика бойынша оқушылардың «Туймаада-2017» XXIV Халықаралық олимпиадасының күміс жүлдегері, Нидерландтағы IJSO юниорлар Халықаралық жаратылыстану-ғылыми олимпиадасының қола жүлдегері, сонымен қатар Республикалық жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпазы.
Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Семей қаласындағыоблыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы - Серік Талғар, Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновациясы»лицейінің 10 сынып оқушысы – Рахимгалиев Нуржан. Сонымен қатар, оқушылар ІІ дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлақтармен марапатталды.
Алғыс хат Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновациясы»лицейінің 10 сынып оқушысы – Рахметолла Нұрасылға берілді.
«Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік қосымша білім беру орталығыныңалғыс хатымен оқушыларды олимпиадаға даярлауда белсенді үлес қосқаны және оқыту мен тәрбиелеуде жоғарғы сапаны қамтамасыз еткені үшін, Өскемен қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация» лицейініңхимия пәні мұғалімі – Хасен Темірлан марапатталды.
Біздің олимпиадаға қатысушыларды олардың ата-аналарын және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!
Болашақта сәттілікпен жеңістер тілейміз!