+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
5-6 сынып оқушыларының облыстық кешенді олимпиадасының қорытындысы
27 Ақп, 15:36

Облыстың қалалары мен аудандарының математика мен биология жас білгірлері 2019 жылдың 26 ақпанында 5-6 сыныптар арасында облыстық кешенді олимпиадасына қатысты.

Олимпиада ШҚО білім басқармасы өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен– дарынды балаларды анықтауды, дамытуды және қолдау көрсетуді жетілдіру және инновациялық дамыту, оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, облыстың олимпиадалық резерв құру мақсатында өткізілді.

5-6 сынып оқушыларының облыстық кешенді олимпиадасыныңжұмыстары құрамына облыстың үздік жоғарғы оқу орындарының ғалымдары енген әділқазылар алқасымен бағаланды.

Аталған олимпиада қорытындысы бойынша 44 қатысушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды (I орын – 8, II орын – 12, III орын – 24).

Тізім қосымша беріледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз!

Табыс пен жеңістер тілейміз!