+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
«Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымынның қорытындысы
21 Ақп, 18:05

2019 жылғы 19-22 ақпан аралығында Таулы Үлбі өзенінің жағалауындағы Орталық базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары үшін «Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымы өткізілді (бұдан әрі - Ауысым).  

Ауысым биология және химияға пәндеріне қызығушылық танытқан және осы бағыт бойынша қабілеттері бар 60 оқушыны біріктірді.

Ауысым барысында қатысушылар түрлі деңгейдегі олимпиада есептерін шешуге бағытталған қарқынды білім беру бағдарламасынан өтті. Мектеп оқушылары үшін теориялық және практикалық сабақтары облыстың жоғарғы оқу орындарының ғалымдары,  химия және биология ғылымдарының кандидаттарымен ұйымдастырылды. 

Дәріс және практикалық сабақтарда мұғалімдер әр қатысушыға ұсыныс, пікірлерін білдірді, сонымен қатар білімдерін тексеруге арналған  срездер өткізілді.

Ауысымның әр қатысушысына сертификат берілді.