Өткізу күні: 26 ақпан 2019 жыл.
Мекен-жайы: ШҚМУӨскемен қ., 30 шы Гвардиялық девизия к. 34Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.
Конкурсқа қатысушылар: ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейлер мен мектептердің 5-6 сынып оқушылары.
Олимпиада дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсетудің инновациялық даму жүйесін жетілдіру, оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, облыстық олимпиадалық резервті қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Олимпиадаға білім беру ұйымдарының қалалық, аудандық іріктеу кезеңінен өткен 5 - 6 сыныптың 126 оқушысы қатысады.
Олимпиаданың облыстық кезеңі екі айналымда өтеді:
І айналым – математика бойынша олимпиадалық тапсырмаларды шешу;
ІІ айналым – жаратылыстану пәні бойынша (5 сынып) және биологиядан (6 сынып) олимпиадалық тапсырмаларды шешу.
Қатысушыларды тіркеу – 2019 жылғы 26 ақпан, сағат 8:30-да.
Олимпиаданың басталуы – сағат 9:00 -де.
Олимпиаданың жабылу рәсімі 2019 жылдың 26 ақпан күні, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ бас ғимаратында,сағат 15:00-де өтеді.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болады. Барлық олимпиада қатысушыларына сертификаттар беріледі.
Қосымша ақпарат алу үшін: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21, «Дарын» ШҚ ӨҒПО орталығы 8 (7232) 700-244 телефоны бойынша хабарласуға болады.