2019 жылдың 13-16 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауына қатысты.
Байқау еліміздің барлық өңірлерінен 773 оқушыны (601 ғылыми жоба) қамтыды.
Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында өткен республикалық байқаудың ашылу салтанатында білім және ғылым Вице-министрі Эльмира Суханбердиева республикалық байқаудың қатысушыларына жылы лебізін білдірді. Өзінің құттықтау сөзінде балаларға қол жеткізген нәтижелерімен тоқтап қалмай, бәсекелесуге қабілетті болуға және өз таланттарына әрқашан сенулеріне тілек білдірді. Қатысушыларға жарқын үміт сыйлап, олардың болашақтағы табысты жеңістері туралы айтты.
Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Камила Башарова өз сөзінде биылғы формадағы ерекшеліктер туралы әңгімелеп, биылғы жылы оқушылардың барлық ғылыми жобаларын қорғаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тікелей-трансляциялар жүргізілетіндігін хабарлады.
Байқаудың ғылыми жобаларын қорғау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының қабырғасында өтті. ШҚО командасы 39 таңдаулы жобаны ұсынды.
Байқаудың қорытындысы бойынша, облыс қоржынын оқушылар 5 алтын, 9 күміс және 7 қола медальдармен толтырды.
ШҚО командасы үздік бестікке кірді және «Үздік команда-2019» дипломымен марапатталды.
Iдәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Горлачев Александр - Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Пятков Никита - Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Сидоров Даниил - Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (математика);
- Медведев Денис - Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (жер және ғарыш ғылымы);
- Тұрсынғазы Қанат - Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (жер және ғарыш ғылымы);
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Шәкенова Дильназ - Семей қаласы, № 37 гимназиясының 10 сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Нурдалдинова Маржан - Семей қаласы, № 37 гимназиясының 10 сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Серікқазина Аяулым - Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты 11 сынып оқушысы.(математика);
- Нұрсолтан Дильдар - Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (техника);
- Хусаинов Ансар- Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (техника);
- Акулова София - Өскемен қаласы, облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы (этномәдениеттану);
- Қабылбарова Назерке – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназияның 11 сынып оқушысы (инженер);
- Құсман Бақытжан – Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназияның 11 сынып оқушысы (инженер);
- Канашев Ризабек - Өскемен қаласы, З. Ахметов атындағы № 16 орта мектебінің 10 сынып оқушысы (Аймақтану);
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Овчаров Денис - Семей қаласы, Пригород орта мектебінің 11 сынып оқушысы (биология);
- Серғазы Қазыбек - Үржар ауданы, Мақаншы орта мектебінің 10 сынып оқушысы (физика);
- Терекбаева Малика - Өскемен қаласы, № 46 орта мектебінің 11 сынып оқушысы (химия);
- Аби Асхат - Семей қаласы, дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (өлкетану);
- Биболов Елнұр - Аягөз ауданы, қалалық қазақ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (биология);
- Әлібек Тамерлан - Өскемен қаласы, О.Бөкей атындағы № 44 лицейдің 10 сынып оқушысы (биология);
- Молдабаева Айша - Семей қаласы, № 37 гимназиясының 10 сынып оқушысы (тарих);
Ерекше жетістіктер көрсеткені үшін мадақтамамен марапатталғандар:
- Досжанқызы Саяжан - Тарбағатай ауданы, Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы (этномәдениеттану);
- Николаенко Роман - Өскемен қаласы, № 34 лицей мектебінің 11 сынып оқушысы (Адам. Қоғам. Құқық);
- Оралханова Жанел - Абай ауданы, Қарауыл гимназиясының 10 сынып оқушысы (қазақ әдебиеті).
Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін, ата-аналарын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз. Болашақта жеңістер мен табыс тілейміз!